Елорда жаңалықтары

Алматы ауданында зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша филиалында үстел теннисінен зейнеткерлер арасында турнир өтті, де хабарлады Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирдің негізгі мақсаты – зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік байланыстар мен достық қарым-қатынастарды нығайту, егде жастағы адамдардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулығын  жақсарту.

Зейнеткерлер арасында өткен спорт додасында 15-ке жуық белсенді ата-әже қатысты. Ең жасы үлкен қатысушы –70 жастағы Құсайын ақсақал.

Екі жарым сағатқа созылған турнирде ерлер арасында 1 орынды Құсайын Юсупов иеленсе, әйелдер арасында Рахима Ахметова жеңімпаз атанды. Қалған 2,3 орындарды Сарнияз Ибрашев, Бейсенбек Баймағұлов, Мағиша Ахметова мен Нұрыш Джансеитова өзара бөлісті.

Барлық жеңімпаз мадақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған турнир Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен және Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жалпы Алматы ауданы бойынша үстел теннисі үйірмесіне 30-дан аса зейнеткер тұрақты түрде қатысады.