Елорда жаңалықтары

Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы басталды

Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына аумақты көгалдандыру, тротуар, пандус, арық құрылысы және оларды жөндеу, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар салу, жөндеу және жарықтандыру, бордюр, тас төсеніштер, тіреу қабырғаларын жөндеу, балалар ойындары мен тұрғындардың демалуына арналған жерлер құрылысы және жөндеу кіреді. Сонымен қатар аула аумақтарында және спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру мен санитарияны қамтамасыз ету жобаларын ұсынуға болады. 

Құжаттарды 1 наурызға дейін Алматы ауданы әкімдігінің сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» бөліміне жіберу керек.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, 2 наурыздан 5 сәуірге дейін сараптама комиссиясы келіп түскен жобаларды талдайды. 6-24 сәуір аралығында электронды түрде дауыс беріліп, 30 сәуірге дейін  оның қорытындысы шығарылады. 

-->