Алматы ауданында 1 800-ге жуық жарнамалық маңдайша алынып тасталды
Елорданың бірыңғай сәулеттік келбетіне сәйкес келмейтін жарнамалық маңдайшаларды алып тастау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Барлық ауданда заңсыз орнатылған жарнамаларды бөлшектеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Жыл басынан бері Алматы ауданында 1 800-ге жуық жарнамалық маңдайша жойылды», - деп көрсетті аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.