Елорда жаңалықтары

Алдағы күндері елімізде ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда ауа тепературасы біртіндеп төмендей бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, 22-24 тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жауады.

23 тамызда антициклон әсерінен Қазақстан бойынша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы тіпті оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +23...+28 градусқа дейін төмендейді.