Алаш тасжолының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді
Астана қаласы әкімдігі 1 қыркүйектен бастап Алаш тасжолындағы көпір («Өркеш көпір») арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етілетінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын.
Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды.