Елорда жаңалықтары

«Қайда сақтайтыным құпия»: Елордалық зейнеткер 20 мыңнан аса төсбелгі жинаған

Қоғамда өткеннен қалған белгіні жинап, тарихқа өз үлесін қосып жүргендерді коллекционер деп атайды. Белгілі бір дүниені жинау, оны көзінің қарашығындай сақтау көптің қолынан келе бермейді. Бұл тек байлардың қызығушылығы, ақша табудың амалы деп ойлайтындар бар. Ал 50 жылдан астам төсбелгілерді жинап жүрген елордалық зейнеткер Қайырбек Рамазанов тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлерді келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру керек екенін айтады. Elorda.info тілшісі зейнеткермен тілдесіп, коллекциясы туралы қызықты деректермен танысты.

Зейнеткер Қайырбек Рамазанов Өскемендегі машина жасау зауытында инженер болып қызмет еткен. Фалеристика ата­латын бұл істі кейіпкеріміз 1970 жылдары бастаған. Оның коллекциясында Ресей империясы, КСРО, Қазақ КСР, тәуелсіз Қазақстан тарихын түгел дерлікке қам­ти­тын жәдігерлер жиналған. Түрлі саладағы сан түрлі іс-шараларға арнаған төсбелгілер, кәсіптік белгілер саны 20 мыңнан асыпты. 

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (5).jpeg

Қарапайым инженердің қызығушылығы туралы естіген әріптестері коллек­циясын көбейтуге атсалысқан. Олар үйдегі белгілерден бөлек басқа қалаларға барған сапарында сатып алған дүниелерін коллекционерге табыс­тауды әдетке айналдырыпты. Өзі де ел ішінде, сондай-ақ Ресей, Гер­мания, Аустрия, Италия, Чехия, Словения, Түркия, БАӘ секілді елдерге барған сапарынан да құр қол келмеген.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (4).jpeg

Елордалық коллекционер тарихтан сыр шертетін төсбелгілерін «Білім-инно­вация» лицейі шәкірттеріне, Назарбаев университеті мен Еуразия ұлттық универ­ситеті студенттеріне, сондай-ақ «Қазақ­стан теміржолы ҰК» АҚ ғимаратында, «Барыс арена» мұз сарайында, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде келушілер назарына ұсынған. Коллекционер жиған қазы­насын жұрт назарына ұсынғаны үшін ақы сұрамайтынын айтады. Бір кездері Ұлттық музейге коллекциясын қойып,  ЕХРО аумағында  өткен халықаралық шахмат біріншілігінде де көрме өткізіпті.

Кейіпкерім 20 мыңнан аса төсбелгіні қайда сақтайтынын құпияда ұстауды жөн көрді. Себебі медаль-орден­дердің бағасы қымбат, ал оны үйде ұстау қауіпті дейді. 

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27.jpeg

Қайырбек Рамазанов өз коллекциясын музейге тапсыруды көздейді. Тек әзірге құнды жәдігерлерін халыққа таныстыруды жалғастыра бермек. Сұхбат барысында кейіпкеріміз елімізде қазір төсбелгі шығаруға мән берілмей жатқанына өкініш білдірді. 

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.48 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (1).jpeg

Кейіпкеріміздің төсбелгілер жиынтығында саны небәрі төрт-бес жұлдыздан тұратын болса да, белгілі бір тақырыпқа арнағаны да бар. Оларды шет-шетін әдемілеп көктеген, қатқылдау, түрлі-түсті матаға рет-ретімен түйреліп қойылған. Бір қызығы, кейіпкеріміз өзге адамдардың төсбелгілерді ұстағанын жаратпайды. Саны көп болса да өзі қаптамадан алып, қаз-қатар тізеді.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

Бұл істі бастауымның өзі қызық оқиға. 1969 жылы теледидардан Өскемендегі Медаллург сарайында өтіп жатқан көрме туралы ре­портажды көрдім. Үстелдерге кол­лекцияларды жайып қойыпты. Қарасам, ішінде коллекционерлердің барлығы өзге ұлт өкілдері екен. Ішінде бір қазақ жоғын көріп, намыстандым. Содан бастап қолыма түскен барлық төсбелгілерді жинап келемін, - дейді зейнеткер.

Қарапайым инженердің қызығушылығы туралы естіген әріптестері коллек­циясын көбейтуге атсалысқан. Олар үйдегі белгілерден бөлек басқа қалаларға барған сапарында сатып алған дүниелерін коллекционерге табыс­тауды әдетке айналдырыпты. Өзі де ел ішінде, сондай-ақ Ресей, Гер­мания, Аустрия, Италия, Чехия, Словения, Түркия, БАӘ секілді елдерге барған сапарынан да құр қол келмеген.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (2).jpeg

Коллекциямда «Орден Отечественной Войны» I, II дәрежелі ордені бар. Олар алтын мен күмістен жасалған. КСРО-ның ең жоғарғы әскери марапаты «Победа» ордені де бар. Оның әлемде тек 18 түпнұсқасы ғана бар. «Социалистік еңбек ері» белгісі де осында тұр. Менің жинаған коллекциямның ішінде кеңестік заманнан бүгінге дейінгі ғарыш, теңіз флоты, педагогика, спорт, ауыл шаруашылығы бойынша отандық және шетелдік орден-медальдар да бар. Мұның бәрі - тұнып тұрған тарих, - дейді Қайырбек Рамазанов.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (4).jpeg

Елордалық коллекционер тарихтан сыр шертетін төсбелгілерін «Білім-инно­вация» лицейі шәкірттеріне, Назарбаев университеті мен Еуразия ұлттық универ­ситеті студенттеріне, сондай-ақ «Қазақ­стан теміржолы ҰК» АҚ ғимаратында, «Барыс арена» мұз сарайында, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде келушілер назарына ұсынған. Коллекционер жиған қазы­насын жұрт назарына ұсынғаны үшін ақы сұрамайтынын айтады. Бір кездері Ұлттық музейге коллекциясын қойып,  ЕХРО аумағында  өткен халықаралық шахмат біріншілігінде де көрме өткізіпті.

Кейіпкерім 20 мыңнан аса төсбелгіні қайда сақтайтынын құпияда ұстауды жөн көрді. Себебі медаль-орден­дердің бағасы қымбат, ал оны үйде ұстау қауіпті дейді. 

Елеусіз болып көрінетін естелік белгілерді елу жылдан бері жинадым. Маған коллекциямның барлығы қым­бат. Біразы асыл метал­дардан әзірленеді. Сондықтан коллек­цияны қайда сақтайтыным құпия болып қалсын. Тіпті «Коллекцияны маған сат» деген ұсыныстар болды. Бір кәсіпкер су жаңа «Джипіне» айырбастайық деді. Мен бұл қазынаны саудаға сала алмаймын. Оның көп бөлігін халық берді. Сондықтан оны сатуға еш құлқым жоқ, - дейді коллекционер. 

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27.jpeg

Қайырбек Рамазанов өз коллекциясын музейге тапсыруды көздейді. Тек әзірге құнды жәдігерлерін халыққа таныстыруды жалғастыра бермек. Сұхбат барысында кейіпкеріміз елімізде қазір төсбелгі шығаруға мән берілмей жатқанына өкініш білдірді. 

Коллекционер ретінде еліміздегі қаншама төсбелгінің сақталмағанына, жер бетінен жоғалғанына жаным ашиды. Төсбелгі бірінші кезекте тарихи белгі қалдырады. Оны спорттық іс-шараларға, «Қызыл кітапқа» енген аңдарға арнап шығаруға болады. Мысалы, өткенде елордада шахматтан әлем чемпионаты болды. Биыл Астанаға 25 жыл толады. Осындай айтулы күндер мен іс-шараларға төсбелгі шығарса, болашақ ұрпаққа тарих болып қалар еді. Шетелдік азаматтар да халықаралық іс-шараларда, түрлі көрмелерде сатып алатын еді. Сонымен қатар Астанадағы ескерткіштер, әдемі ғимараттар, көпірлердің төсбел­гілерін шығаруы қажет, – дейді коллекционер.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.48 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-15 at 16.53.27 (1).jpeg

Кейіпкеріміздің төсбелгілер жиынтығында саны небәрі төрт-бес жұлдыздан тұратын болса да, белгілі бір тақырыпқа арнағаны да бар. Оларды шет-шетін әдемілеп көктеген, қатқылдау, түрлі-түсті матаға рет-ретімен түйреліп қойылған. Бір қызығы, кейіпкеріміз өзге адамдардың төсбелгілерді ұстағанын жаратпайды. Саны көп болса да өзі қаптамадан алып, қаз-қатар тізеді.

Бұл жәдігерлерді әйелімнен артық күтемін. Оларды дәл осы қалпында сақтау үшін күтіп ұстау керек. Әрқайсысын тақырыбына байланысты түйреп қоямын. Тігін машинам жоқ. Матаны өзім тігіп аламын. Бәрі таза болуы керек деп есептеймін, - дейді коллекционер.