Елорда жаңалықтары

Айғаным көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Жөндеу жүргізуге байланысты 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

-->

Жөндеу жүргізуге байланысты 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.