Елорда жаңалықтары

Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«2 қыркүйек сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен – «Астана жұлдызы» айналмасынан Мәңгілік ел даңғылының қиылысына дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады. Тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі.