Ақын Ұларбек Нұрғалым Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Ақын Ұларбек Нұрғалым қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Біздің елдігіміздің белгісі, ұлтымызды ұйыстырған, тілеуін қабыл еткен, Тәуелсіздік күні құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздікке қызмет ететін, арғысы ата-бабаларымыздан, бергісі Алаш, одан бері қаншама осы мемлекетті құруға атсалысқан қайраткерлердің жолымен келер ұрпақ Тәуелсіздікке қызмет ететін елжанды, ұлтжанды, білімді, мемлекетшіл қайраткер азаматтар көп болып, елдігімізді мәңгілікке, мыңжылдыққа жалғастыра берсін», - деді ол.