Елорда жаңалықтары

«Аңсаған сәби»: Астанада биыл квота саны артты

Биыл Астана қаласы бойынша ЭКҰ квота саны 554-ке өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы бойынша 2021 жылға 487 квота,  2022 жылы 518 квота бөлінді, ал 2023 жылы бұл сандар 554-ке дейін өсті.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ерлі-зайыптылар квота (ерлер мен әйелдердің бедеулігінің әр түрлері) сұрай алатын көрсеткіштер тізбесі кеңейтілді, ФСГ және кариотиптің қанағаттанарлық талдаулары кезінде жүргізілетін азооспермияның обструктивті түрінде жасанды ұрықтандыруды пайдалану рәсімі МӘМС жүйесіне енгізілді.

Экстракорпоральды ұрықтандыру үшін ерлі-зайыптылар клиниканы өздері таңдайды. Қазақстанда аталған ем-шараны 19 медициналық ұйым көрсетеді, оның төртеуі Астанада орналасқан: бұл – «University Medical Center» корпоративтік қоры, «Геном Астана» ЖШС, «Астана Эколайф» ЖШС және «Экомед плюс» ЖШС.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ЭКҰ рәсімін жылына бір рет тегін өтуге болады. 2021-2023 жылдардағы нәтижелер бойынша бағдарламалардың тиімділігі орта есеппен 38%-ды құрады. 2021 жылы 122 бала, 2022 жылы 128 бала дүниеге келді. 

Көпұрықты жүктіліктің түсік түсу және перинаталдық ауру қаупі жоғары.  Сондықтан соңғы уақытта репродуктологтарда бірнеше эмбриондардың тасымалдануын азайту әрекеті анық байқалады. 2021 жылы Астанада осы бағдарлама аясында 10 егіз, 2022 жылы бір үшем мен 15 егіз, 2023 жылы 4 ерлі-зайыптыда егіздер дүниеге келді.

Диагностиканың заманауи әдістерінің арқасында аурудың негізгі себептерін дәл анықтауға және тиімді ем тағайындауға болады. 

Айта кету керек, репродуктивті жүйенің патологиясы 40% жағдайда ер адамдарда кездеседі, 30% жағдайда – аралас факторлар (ерлер мен әйелдер).

-->

МӘМС жүйесін енгізу арқасында ЭКҰ рәсімін жүргізу қолжетімді бола бастады, көптеген ерлі-зайыптылар бұрын бұл рәсімнен тек ақылы негізде ғана өте алатын. Бағдарлама бедеуліктің әр түрлеріндегі көрсеткіштер тізімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ата-ана атанған бақытты ерлі-зайыптылардың алғысына ие болудамыз. Барлық жұмысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз да – осы, - дейді медициналық ұйымдағы басқарушылық шешімдердің оң нәтижелерімен бөліскен №2 қалалық көпсалалы аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары Сәуле Ибраева.