Режиссер Болат Атабаев өмірден озды
Болат Манашұлы Атабаев (Алматы облысының Тентек ауылында 1952 жылдың 14 мамырында туған) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі болған. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) тағылымдамада болды. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», А.Закстың «Өз ошағың» драмаларын, В.Гейнцтің «Жүздеген жыл толқын дарын да», «Адамдар және тағдырлар» тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың «Қос мұңлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», сондай-ақ И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», М.Метерлингтің «Соқырлар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», А. Чеховтың «Шағала», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», М.Әуезовтің «Қарагөз», т.б. спектакльдер қойды.
-->Болат Манашұлы Атабаев (Алматы облысының Тентек ауылында 1952 жылдың 14 мамырында туған) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі болған. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1974), Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (профессор Ә.Мәмбетов пен А.Пашковтың жетекшілігімен) бітірген (1983); 1990 жылы Мюнхен ұлттық театрында (Германия) тағылымдамада болды. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы неміс драма театрында Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатын», А.Закстың «Өз ошағың» драмаларын, В.Гейнцтің «Жүздеген жыл толқын дарын да», «Адамдар және тағдырлар» тарихи диологиясын сахнаға шығарды. 1990 ж. Қазақ академиясы драма театрына жұмысқа ауысып, Б.Римованың «Қос мұңлық», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат», сондай-ақ И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», М.Метерлингтің «Соқырлар», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», А. Чеховтың «Шағала», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», М.Әуезовтің «Қарагөз», т.б. спектакльдер қойды.