Елорда жаңалықтары

Ashyq жобасын белсенді пайдаланатын кәсіпкерлердің жұмыс сағаты ұзартылуы мүмкін

Аталмыш ынталандыру шарасы еліміздің бес қаласында – Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Атырауда және Қарағандыда енгізілмекші. Бір аптадан кейін, яғни 9 тамызда, қалыптасқан эпидахуалға байланысты, кәсіпкерлер үшін жұмыс сағатына қойылған шектеу жеңілдетіле бастайды. «Келесі аптадан, яғни 2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер 20:00-ге дейін жұмыс істей алады. Біз үлгілі кәсіпкерлерді ынталандыруымыз қажет, сондықтан 9 тамыздан бастап Ashyq жобасын белсенді түрде пайдаланатын кәсіпкерлердің жұмыс сағаты түнгі 00:00-ге ұзартылады», – деді А. Мырзахметов. Эпидахуал жақсара түскенде Ashyq жобасының белсенді қатысушыларына демалыс күндері де жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. ҰКП дерегіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 22 мың кәсіпкер Ashyq жобасына қосылған, апта сайын олардың қатары 1-5 мың кәсіпкермен толығып жатыр.

-->