Волонтер болу ерлік пе: Қай елдің еріктілері қымбат киімде көше сыпырады
«Волонтер» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – «өзі тіленіп жұмыс істеуші») – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам. Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі. «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» — деген екен Дени Дидро. Волонтер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады. Жаһандану және тұрақты өзгерістер дәуірінде әлем бір-бірімен өзара тәуелді, тығыз және шиеленісті болады. Қоғамда шешімі табылмаған көптеген мәселелер туындауда – мысалы экологиялық (қоршаған ортаның ластануы, ормандардағы ағаштарды кесу), және әлеуметтік (қарт және дәрменсіз адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетімдер). Балалар үйінде, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған интернаттарда, қарттар үйінде, ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде ауадай қажет. Қоғамда волонтерлердің орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Волонтерлер деген кім, немен айналысады, олар не үшін жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға еріктілердің өздері де жауап бере алмауы мүмкін. Себебі, олар өздерінің жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «волонтер деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «волонтерлер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Волонтерлер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Әлемдегі дерек бойынша еріктілер дүниежүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Qazvolunteer.kz мәліметіне сенсек, әлем бойынша шамамен 100 млн-нан астам адам волонтер болып табылады, ал, Қазақстанда олардың саны 48 мыңның төңірегінде екен. Жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан бірқатар елдерде волонтер болу қалыптасқан жағдай, олар үлкен құрметке ие. Келтірілген ақпаратқа қарағанда, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен. Ерікті болу – ерлікпен тең. Кезінде өзі волонтерлікпен айналысқан, қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Мәди Ахметов бір сөзінде Италиядағы еріктілер жайлы пікірін білдірген болатын.
Бұл мысалдан біз еріктілік өзге елдерде жақсы дамыған және пайдалы іске жататынын білеміз. Волонтерліктің тарихына үңілер болсақ, жалпы «волонтер» түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, 1920 жылы бұл бірінші дүниежүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда соғыс зардабынан қираған ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында бұрынғы сарбаздар жиналған болатын. Міне, осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. 1920-1930 жылдары экономикалық дағдарыс кезінде АҚШ пен Еуропа елдері жұмыссыз жастарды әлеуметтік маңызды іспен шұғылдандырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қамтамасыз етілуі үшін волонтерлік қызметті ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Қырғи-қабақ соғыс кезінде құрылған ЮНЕСКО-ның жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның үйлестіру комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары халықаралық волонтерлік алмасулар орын алды. Азия, Африка жəне Латын Америкасындағы волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда бола бастады. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасы жасалды. 1985 жылғы 17 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясы 40-шы сессиясының шешімі бойынша Дүниежүзілік волонтерлер күні 5 желтоқсанда аталып өтетін болды. Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады.. Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы ретінде және қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы арқасында жаңа қарқын алды.
-->«Волонтер» (ағылшын тілінен аударғанда volunteer – «өзі тіленіп жұмыс істеуші») – мұқтаж адамдардың немесе жалпы қоғамның мүддесінде тегін, ерікті түрде еңбек ететін адам. Еріктілердің халықаралық белгісі – қызыл V әрпі. «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» — деген екен Дени Дидро. Волонтер жұмысы адамзаттың әлемге, еркіндікке, қауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге деген мәртебелі қасиеттерін дамытады. Жаһандану және тұрақты өзгерістер дәуірінде әлем бір-бірімен өзара тәуелді, тығыз және шиеленісті болады. Қоғамда шешімі табылмаған көптеген мәселелер туындауда – мысалы экологиялық (қоршаған ортаның ластануы, ормандардағы ағаштарды кесу), және әлеуметтік (қарт және дәрменсіз адамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетімдер). Балалар үйінде, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған интернаттарда, қарттар үйінде, ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде ауадай қажет. Қоғамда волонтерлердің орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Волонтерлер деген кім, немен айналысады, олар не үшін жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға еріктілердің өздері де жауап бере алмауы мүмкін. Себебі, олар өздерінің жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «волонтер деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «волонтерлер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Волонтерлер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Әлемдегі дерек бойынша еріктілер дүниежүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Qazvolunteer.kz мәліметіне сенсек, әлем бойынша шамамен 100 млн-нан астам адам волонтер болып табылады, ал, Қазақстанда олардың саны 48 мыңның төңірегінде екен. Жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан бірқатар елдерде волонтер болу қалыптасқан жағдай, олар үлкен құрметке ие. Келтірілген ақпаратқа қарағанда, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен. Ерікті болу – ерлікпен тең. Кезінде өзі волонтерлікпен айналысқан, қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Мәди Ахметов бір сөзінде Италиядағы еріктілер жайлы пікірін білдірген болатын.
«Италияда болған кезімде үлкен кісілер көше сыпырып жүр. «Көше тазалаушылар ғой» деп көз тастап өте беруге асықпадым. Себебі, көбі жұмыс стилінде киінген, кейбірі қымбат киімдермен жүрген адамдар. Бірақ бәрі киімдерінің сыртынан арнайы қызғылт-сары киім киіп алған, артында «волонтер» деген жазуы бар. Сұрастыра келе көзімнің жеткені, итальяндықтар түскі уақытқа берілген 1 сағат демалыстың жартысын тамақтануға, қалғанын қоғамға пайдалы іспен айналысуға арнайды екен. Сонымен қатар, сағаттап отырғандағы қарысып қалған денелерін осылай жазып, ауру-сырқаудың алдын алады», — деген болатын.