Instagram енді жасөспірімдердің аккаунтын жабық күйі ұстайды
Осылайша аталмыш платформа балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді. Жаңа ереже бойынша, жасөспірімдердің жаңа аккаунттары «Қызықты посттар» бөлімінде де, хэштег арқылы іздегенде де көрінбейді. Бұған дейін тіркелген, аккаунты ашық жасөспірімдерге жабық аккаунттың артықшылығы жайлы ескерту жіберіледі. Instagram жаңа функцияны тестілеу барысында 10 жасөспірімнің 8-і өз аккаунтын жабық күйі қалдыруды шешкені белгілі болған. Әлеуметтік желінің тағы бір жаңалығы, енді «күмәнді аккаунт» иелері 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің аккаунтын көріп, жазылып, посттарына пікір қалдыра алмайды. Бұл жаңа ереже әуелі АҚШ, Аустралия, Франция, Ұлыбритания және Жапонияда, кейін басқа елдерде де күшіне енеді.
-->Осылайша аталмыш платформа балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді. Жаңа ереже бойынша, жасөспірімдердің жаңа аккаунттары «Қызықты посттар» бөлімінде де, хэштег арқылы іздегенде де көрінбейді. Бұған дейін тіркелген, аккаунты ашық жасөспірімдерге жабық аккаунттың артықшылығы жайлы ескерту жіберіледі. Instagram жаңа функцияны тестілеу барысында 10 жасөспірімнің 8-і өз аккаунтын жабық күйі қалдыруды шешкені белгілі болған. Әлеуметтік желінің тағы бір жаңалығы, енді «күмәнді аккаунт» иелері 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің аккаунтын көріп, жазылып, посттарына пікір қалдыра алмайды. Бұл жаңа ереже әуелі АҚШ, Аустралия, Франция, Ұлыбритания және Жапонияда, кейін басқа елдерде де күшіне енеді.