Елордалық сауда орталықтарында қазақ тілі курсы ұйымдастырылады – Талғат Ермағамбетов
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен қала кәсіпкерлері қатысты. Олар кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жайында ой бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді алға тартты. «Қазіргі таңда қаладағы сауда орталықтарында жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер арасында мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындар бар. Бұл олардың тұтынушылармен қарым-қатынасына кері әсер ететіні белгілі. Ал қазақ тілі курсына баруға көбінің жұмыстан қолы босамайды. Осы мәселені ескере отырып, біз алдағы уақытта сауда орталықтарына барып, дәл сол жерде қазақ тілі курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл елордалық кәсіпкерлерімізге үлкен көмек болады деп ойлаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Ономастика және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Талғат Ермағамбетов.
-->Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен қала кәсіпкерлері қатысты. Олар кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жайында ой бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді алға тартты. «Қазіргі таңда қаладағы сауда орталықтарында жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер арасында мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындар бар. Бұл олардың тұтынушылармен қарым-қатынасына кері әсер ететіні белгілі. Ал қазақ тілі курсына баруға көбінің жұмыстан қолы босамайды. Осы мәселені ескере отырып, біз алдағы уақытта сауда орталықтарына барып, дәл сол жерде қазақ тілі курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл елордалық кәсіпкерлерімізге үлкен көмек болады деп ойлаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Ономастика және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Талғат Ермағамбетов.