Жүрегің жаурамасын: «28 ілмек» жобасының волонтерлері тоғыз жылдан бері шала туған сәбилерге арнап киім тоқиды
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/6b19e094e9db4cf41b20159f5f4efd3b.jpg)
Қарлығаштың сөзінен кейін ежелгі халықтық дәстүр еске түсті. Шала туған баланы тымаққа салып, керегеге іліп қою сонау ата заманнан келе жатқан салт қой. Демек табиғи жүн шақалақтың тезірек ет алып, адам қатарына қосылып кетуіне кәдімгідей көмектесетін болып тұр. Айтпақшы, «28 ілмектің» қыз-келіншектері бұйымды тек табиғи жүннен тоқиды. Жалаңаш денеге кигізгенде, теріні тітіркендіріп, ыңғайсыздық тудырмай ма деп те ойлайсың. Клубтың белсенді мүшелерінің бірі – радиолог-дәрігер Латиф Парфиевтің айтуынша, керісінше, балаға бұл аса қажет.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/721bb7be8bf6de77bc31113fc0a5c860.jpg)
Бұрынырақ клуб мүшелері киім-кешекті тек бейтарап түстерден тоқыпты. Кейін дәрігерлер сары, қызыл, жасыл сияқты қанық бояулардың бала психикасына пайдалы екенін айтқан соң, түрлі-түсті бұйым тоқуға көшкен. Өздерінің қолынан шыққан заттардың кәдеге жарағанын білген шақта қаншалықты сауапты іс жасағандарына көздері жететінін айтады.
Статистикаға сүйенсек, елімізде жыл сайын 250 мың нәресте мерзімінен бұрын өмірге келеді. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ана мен бала орталығының дәрігерлері салмағы 463 грамм ғана болып өмірге келген шақалақты адам қатарына қосқанын айтпай кетуге болмас. Осындайда «28 ілмек» жобасы волонтерлерінің еңбегі қаншалықты маңызды екені көрінеді.
Қазіргі таңға дейін жоба мүшелері 200 мыңнан аса зат тоқып, кәдеге жаратқан. Волонтерлер бастапқыда шұлық қана тоқыса, енді кеудеше, бас киім, жамылғыш тоқуды да қолға алған. Игі жобаның аясы Қазақстанның барлық өңірін қамтып қана қоймай, Грузия, Латвия, Украина, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей секілді мемлекеттерде де жалғасын тауып жатыр.
«Voxpopuli» сайтында жұмыс істеп жүргенімде, Алматыдағы №3 перзентханадан фоторепортаж жасағанмын. Сол кезде неонатолог Бектұрған Қарин мезгілінен ерте туған шақалақтарды қалай күтіп-бағатынын көрсеткен. Кенет көзім инкубатор-қораптың ішінде жатқан сәбиге түсті. Салмағы – 700 грамм ғана. Аяғына көк шұлық кигізіп қойыпты. Қанша дегенмен журналиспін ғой. Әуесім ауып, мынандай стерилді жерге әлгі шұлықтың қайдан келгенін сұрадым. Сөйтсем, қайта мұндай тоқыма заттар сәбиге пайдалы екен. Шала туғандықтан, олардың орталық жүйке жүйесі жөнді дамымаған. Соның кесірінен, жылу алмасу қызметі қалыпты жұмыс істемейді. Жаңағы тоқыма киімдер дене температурасының төмендеп кетпеуін қадағалап, бөпені тоңдырмайды. Дәрігердің осы әңгімесінен кейін еріктілерден құралған кішігірім топ ашуға ниеттендім. Ең алғашқы кездесуде 35 жұп шұлық тоқып, елордадағы №1 перинаталды орталыққа жөнелттік», – дейді жоба авторы.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/6b19e094e9db4cf41b20159f5f4efd3b.jpg)
Қарлығаштың сөзінен кейін ежелгі халықтық дәстүр еске түсті. Шала туған баланы тымаққа салып, керегеге іліп қою сонау ата заманнан келе жатқан салт қой. Демек табиғи жүн шақалақтың тезірек ет алып, адам қатарына қосылып кетуіне кәдімгідей көмектесетін болып тұр. Айтпақшы, «28 ілмектің» қыз-келіншектері бұйымды тек табиғи жүннен тоқиды. Жалаңаш денеге кигізгенде, теріні тітіркендіріп, ыңғайсыздық тудырмай ма деп те ойлайсың. Клубтың белсенді мүшелерінің бірі – радиолог-дәрігер Латиф Парфиевтің айтуынша, керісінше, балаға бұл аса қажет.
«Тері бес қабаттан тұрады. Онда аксон, дендрит секілді жүйке талшықтары бар. Олар орталық жүйке жүйесімен байланысты. Жүннен тоқылған киімді кигізгенде, бала жайсыздықты сезіп, қозғала бастайды. Ал қозғалыс дегеніміз – өмір. Бала неғұрлым көбірек қимылдаған сайын соғұрлым тезірек дамиды. Жарты келілік шақалақтар кейде тыныс алуды да «ұмытып кетеді». Міне, тоқыма киім оның ұйықтап кетпеуіне жол бермей, өмір сүруіне ықпал жасайды», – дейді Латиф.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/07/721bb7be8bf6de77bc31113fc0a5c860.jpg)
Бұрынырақ клуб мүшелері киім-кешекті тек бейтарап түстерден тоқыпты. Кейін дәрігерлер сары, қызыл, жасыл сияқты қанық бояулардың бала психикасына пайдалы екенін айтқан соң, түрлі-түсті бұйым тоқуға көшкен. Өздерінің қолынан шыққан заттардың кәдеге жарағанын білген шақта қаншалықты сауапты іс жасағандарына көздері жететінін айтады.
«Бір күні бейтаныс келіншектен хат келді. Босанғанда, сәбиі 700 грамм ғана болыпты. Ұйықтап кетпеуін қадағалау керек. Дәрігерлер оған біз тоқыған қалпақты кигізіпті. Соның арқасында сәби көбірек қимылдап, тез жетіліпті. Осындай алғысты естігенде, шын жүрегімізбен шаттанамыз», – дейді Қарлығаш.