Елордада алдағы демалыс күндері соңғы аймақтық жәрмеңке өтеді
Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыстың ауылдық аймақтарының ауыл шаруашылығы құрылымдары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың барлық аймақтарының 115-ке жуық кәсіпорны қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің 100-ден астам түрі ұсынылады. Жәрмеңкеде 1 218 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін сату жоспарлануда. Оың ішінде еттің барлық түрі – 133 тонна; шұжықтар – 4 тонна; кондитерлік өнімдер – 1 тонна; макарон өнімдері – 5 тонна; жарма – 2,8 тонна; бал – 13 тонна; қымыз – 1 тонна; сүт өнімдері – 14 тонна; май – 1,3 тонна; ұн – 28 тонна; картоп пен көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша, бақша өнімдері) – 944 тонна. Барлық өнімдер Нұр-Сұлтан базарларындағы орташа бағадан арзанға сатылатын болады. Жәрмеңкеге брендтері бүкіл елге және шетелге танымал кәсіпорындар қатысады: «Зенченко и К», «Масло-Дел» ЖШС филиалы, «Галицкое» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «МолКом Павлодар» ЖШС, «Крендель» ЖШС және басқалар. Шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Келушілер маска тағуы, санитайзер қолдануы және арақашықтықты сақтауы қажет.
-->Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыстың ауылдық аймақтарының ауыл шаруашылығы құрылымдары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың барлық аймақтарының 115-ке жуық кәсіпорны қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің 100-ден астам түрі ұсынылады. Жәрмеңкеде 1 218 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін сату жоспарлануда. Оың ішінде еттің барлық түрі – 133 тонна; шұжықтар – 4 тонна; кондитерлік өнімдер – 1 тонна; макарон өнімдері – 5 тонна; жарма – 2,8 тонна; бал – 13 тонна; қымыз – 1 тонна; сүт өнімдері – 14 тонна; май – 1,3 тонна; ұн – 28 тонна; картоп пен көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша, бақша өнімдері) – 944 тонна. Барлық өнімдер Нұр-Сұлтан базарларындағы орташа бағадан арзанға сатылатын болады. Жәрмеңкеге брендтері бүкіл елге және шетелге танымал кәсіпорындар қатысады: «Зенченко и К», «Масло-Дел» ЖШС филиалы, «Галицкое» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «МолКом Павлодар» ЖШС, «Крендель» ЖШС және басқалар. Шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Келушілер маска тағуы, санитайзер қолдануы және арақашықтықты сақтауы қажет.