Елордалық полицейлер телефон ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады
Елордалық полицейлер 400 000 теңгенің телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап. «Қаладағы дәмханалардың бірінде 20 жастағы жігіт сол жердегі демалушылардың бірінің "Samsung Galaxy S-10" ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 400 000 теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған қала тұрғынын ұстады», деп көрсетті полицейлер. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Телефон иесіне қайтарылған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.
-->Елордалық полицейлер 400 000 теңгенің телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап. «Қаладағы дәмханалардың бірінде 20 жастағы жігіт сол жердегі демалушылардың бірінің "Samsung Galaxy S-10" ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 400 000 теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған қала тұрғынын ұстады», деп көрсетті полицейлер. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Телефон иесіне қайтарылған. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады.