Нұр-Сұлтанда «EcoQolday Home» жобасы таныстырылды
ӨКМ Операторы «BI Group» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған «EcoQolday Home» жобасының промо-акциясы «Dream city» және «Есіл» тұрғын үй кешендерінде өткізілді. Тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау жүйесі көрсетіліп, шикізатты жинап әкетудің арнайы бекеті ұйымдастырылды.
Тұрғындар пластик бөтелкелерді, металл банкаларды, макулатура мен картонды жылжымалы қабылдау бекетіне тапсыруда белсенділік танытты. Әсіресе бұл шара балалар үшін қызықты болды. Аула аумағында эко-жаттықтырушылар балаларға қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Көңілді эко-квесттер, интерактивті ойындар өткізілді. Қаптама қалдығын жарыса тапсырған командаларға сыйлықтар үлестірілді. Бейберкет шашылған пластикалық бөтелкелер, пакеттер және басқа да тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізетіндігі түсіндірілді. Шараға қатысушылар 100 кг-нан астам қаптама қалдықтарын жинап, өңдеуге өткізді.
Айта кету керек, ӨКМ Операторы тамыз айынан бастап «EcoQolday HOME» жобасын іске қосады. Пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі (КСК/ОСИ) немесе басқа да ұйымдар қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыра алады. Нәтижесінде жинақталған шикізатты қосымша арқылы оператордың өңірлік серіктестеріне саудалуға мүмкіндік бар. Ал одан түскен ақшаны ауланы абаттандыруға, үйді жөндеу, ауланы жаңғырту мақсаттарына пайдалануға болады.
«EсoQoldaý» жобасы – Қазақстанда қалдық өңдеу саласын қолдаудың жаңа цифрлық моделі. Жоба іске қосылған уақыттан бері 42 мың тоннадан астам қаптама қалдығы жиналды. Жинаушылар мен өңдеушілерге 1 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Қазіргі уақытта жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 465 кәсіпкер қатысуда.