Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай артты
Ranking.kz мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа туған нәрестелер санының өсімі 8,4% құрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп. Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда 425 мыңнан астам сәби туды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6%-ға артық. Салыстырсақ, 2019 жылы дүниеге келген нәрестелер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3% қана асқан. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде халық саны 18,94 млн адамға жетті.
-->Ranking.kz мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа туған нәрестелер санының өсімі 8,4% құрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% ғана көп. Жалпы, 2020 жылы Қазақстанда 425 мыңнан астам сәби туды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 6%-ға артық. Салыстырсақ, 2019 жылы дүниеге келген нәрестелер санының өсуі 2018 жылғы көрсеткіштен 1,3% қана асқан. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде халық саны 18,94 млн адамға жетті.