Елордадағы №20 мектептің шатырынан су өтеді — мәслихат депутаты
Мектеп 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бірақ білім беру ордасының әкімшілігі құрылыс жүргізген «Мейір-М» ЖШС басшыларына ғимараттағы ақауларға байланысты бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болған. Тексеріс барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. «Мектептің акт залы және спорт залы шатырынан су өтеді. Мектептің қосымша кіреберіс баспалдақтарындағы тақтайшалар сапалы жасалмаған, баспалдақ тақтайшалары сынып, орнынан түсіп қалған. Спорт залдағы еден стандарттарға сәйкес келмейді. Еден беті тегіс емес. Мектептің қасбеті ғимараттың төбесінен жаңбыр суының тамшылауына байланысты ластанған. Себебі қасбеттің қабырғалары мен төбесінде жаңбыр суына арналған саңылау жоқ. Онда жаңбыр әр жауған сайын су жиналады» — дейді Е.Дәкенов. Депутаттың айтуынша, «Агроқалашық» тұрғын алабында демалыс орталықтары мен орындардың жоқтығына байланысты тұрғындар осы мектеп ауласында жиналуды әдетке айналдырған. Бұл да бір проблема. Аула аумағы 3 гектар ғана жерді құрайды. Мектеп әкімшілігі бірнеше рет жиналыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бірақ оған құлақ аспағандар да бар. Олар кешкілік мезгілде мектеп ауласында уақыт өткізіп, ластап кетеді. Жол қысқарту мақсатында мектеп аумағы арқылы өтіп, мектеп қақпалары толығымен алынып тасталған кездер де болған. Қалалық мәслихат депутаты аталмыш мәселелерді бақылауына алды.
Аманғали Қалжанов
-->Мектеп 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бірақ білім беру ордасының әкімшілігі құрылыс жүргізген «Мейір-М» ЖШС басшыларына ғимараттағы ақауларға байланысты бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болған. Тексеріс барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. «Мектептің акт залы және спорт залы шатырынан су өтеді. Мектептің қосымша кіреберіс баспалдақтарындағы тақтайшалар сапалы жасалмаған, баспалдақ тақтайшалары сынып, орнынан түсіп қалған. Спорт залдағы еден стандарттарға сәйкес келмейді. Еден беті тегіс емес. Мектептің қасбеті ғимараттың төбесінен жаңбыр суының тамшылауына байланысты ластанған. Себебі қасбеттің қабырғалары мен төбесінде жаңбыр суына арналған саңылау жоқ. Онда жаңбыр әр жауған сайын су жиналады» — дейді Е.Дәкенов. Депутаттың айтуынша, «Агроқалашық» тұрғын алабында демалыс орталықтары мен орындардың жоқтығына байланысты тұрғындар осы мектеп ауласында жиналуды әдетке айналдырған. Бұл да бір проблема. Аула аумағы 3 гектар ғана жерді құрайды. Мектеп әкімшілігі бірнеше рет жиналыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бірақ оған құлақ аспағандар да бар. Олар кешкілік мезгілде мектеп ауласында уақыт өткізіп, ластап кетеді. Жол қысқарту мақсатында мектеп аумағы арқылы өтіп, мектеп қақпалары толығымен алынып тасталған кездер де болған. Қалалық мәслихат депутаты аталмыш мәселелерді бақылауына алды.
Аманғали Қалжанов