Елорда жаңалықтары

Қарағанды облысындағы қоқыс полигондарының 80% жуығы заңдастырылмаған

Облыстағы полигондар 808 футбол алаңының аумағын алып жатыр

Қарағанды облысының Экология департаментінің ақпаратына сәйкес, өңірде 202 полигон жұмыс істейді. Бұл полигондардың әрбірі орта есеппен 2-4 га аумақты алып жатыр. Ең төменгі көрсеткіш – 2 га деп есептегеннің өзінде полигондардың аумағы стандартты (100м*50м=5000 м2) 808 футбол алаңының аумағын алып жатыр деген сөз. Немесе ол аумаққа Қазақстандағы ең ірі ғимарат - көлемі 510 мың м2 құрайтын 8 «Qazaqstan» кешені («Абу Даби Плаза» кешені») сыйып кетер еді.Бүгінгі күні тек 25 ҚТҚ полигоны бойынша рұқсат беру құжаттамасы бар, қалған 177-і заңдастырылмаған және құқықтық белгілейтін құжаттары жоқ. Бұған қоса, күн сайын облыста орта есеппен 1,4 тонна медициналық қалдық және 1,5 тонна ҚТҚ утилизацияланатыны белгілі болды.

Шағын қалалардағы полигондар толып қалды

Экологтар өңірдегі полигондардың проблемасын жиі көтеріп жүр. Ірі қалаларда полигондар әлі де ескі, бірақ олардың ауданы артып келеді – жобалық және экологиялық құжаттаманы алдын ала рәсімдеумен қосымша учаскелер «кесіліп жатыр», бұл айтарлықтай қаржыландыруды қажет етеді. Елді мекендер мен шағын қалаларында мұндай ақша жоқ, сондықтан олар толып қалған. Өйткені қосымша жер учаскелерін ресімдеуге, полигон карталарын жобалау мен салуға және қажетті рұқсаттарды ресімдеуге ақша жоқ.Экологтың айтуынша, қоқыс полигондарын реттеудің заңды механизімі толық ойластырылмаған. Мәселен, ҚТҚ полигондарының барлығы жергілікті атқарушы органдардың балансында. Әкімдіктердің қалдықтарды орналастыру үшін қандай да бір төлем алуға құқығы болмағандықтан, сенімгерлік басқару құқығы берілетін делдалдар пайда болады. Тендер арқылы жекеменшік компания таңдалып, оған ҚТҚ жинау, шығару, тасымалдау және қалдықтарды жою үшін көліктік қызмет көрсету міндеті жүктеледі.«Осы жерде проблема бар. Себебі жобалық экологиялық құжаттар әкімдікке рәсімделеді. Ал экологиялық рұқсатты әкімдік сенімді басқаруды беру кезінде жеке ұйымдармен ресімдеуді талап етеді. Өйткені олар полигонды пайдаланады және мониторинг жүргізуі, экологиялық рұқсат ресімдеуі, экологиялық төлемдерді төлеуі және т.б. тиіс. Көп жағдайда экологиялық жоспардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша жұмыс көлеміне дайын емес ұйымдар жиі келетіндіктен, жұмыс сапасыз орындалады. Олардың инвестор емес, қаржысы тек тасымалдауға және қалдықтарды көму үшін қабылдауға ғана жетеді. Ал сұрыптау қондырғыларын сатып алу, сұрыптау орталықтарын жобалап, орнауға қаржы жоқ», - деп қосты эколог.Ірі қалалардағы ҚТҚ полигондары талаптарды сақтауға тырысады, мониторинг жүргізіп, экологиялық есептілік тапсырылып, экотөлемдер төленеді. Іс жүзінде бұл полигондардың барлығының пайдалану мерзімдері өтіп жатыр, халықтың өсуін және қолданыстағы заманауи технологияларда ескере отырып, жобалау-құжаттамасын әзірлеу, құрылысқа инвестициялау қажет дейді маман.

Ауылдағы полигондардың экологиялық құжаттамалары жоқ

Ауылдағы полигондарға мониторинг жүргізілмейді, экологиялық құжаттамалары мүлдем жасамайды, дейді ол. Кез келген полигонға экологиялық шешім қабылдау үшін сол полигон құрылысының жобасы қажет. Құрылыс басталғанға дейін осы жер учаскесінде пайдалы қазбалар, ауызсу көздері жоқ екенін растау, сондай-ақ жер асты суларының пайда болу деңгейін, топырақтың сапасын олардың сүзу қасиеттерін білу үшін инженерлік және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс.Бұған қоса, эколог ҚТҚ полигонында оқшаулағыш экран болуы керек екенін еске салды. Қазір норма бойынша геотекстиль қолданылып, оқшаулағыш мембрана қойылады. Бұл ҚТҚ ашытуынан пайда болатын ағындар топырақ пен жер асты суларына енбеуі үшін полигонның бүкіл аумағына орнатылады.

Мониторинг мәселесі жетілмеген

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қолданысқа енгізілуімен аудит жойылды. Бұрын экоаудит - міндетті және бастамашылық аудит деп екі түрлі жүргізілетін. Егер полигондарға олардың қызметі нәтижесінде экологиялық залал келтірілсе, міндетті аудит болатын. Ал бастамашылық аудит шетелдік инвестиция қажет болса, ол ерікті түрде жүргізіліп келді.Экологтың айтуынша, қалдықтарға қатысты жиі орын алатын бұзушылық бақылау ұңғымаларының болмауы, кәсіпорынның шығыстарына мүлдем салынбайды. Жер асты сулары мен топырақтардың ластанғанын көру үшін полигондардың жанында кем дегенде 2 ұңғыма орнатылуы тиіс. Сорғымен аталған ұңғымалардан кем дегенде 50 литр су алып, оны дұрыс сақтап, зертханаға апарып, талдау жүргізу керек.

Қалдықты сұраптап жинауға ынталандыру керек

Өңірдегі полигондардың мәселесін шешу үшін алдымен қайта өңдеуді реттеу керек. Бұл үшін алдымен тұрмыстық қалдықтарды бастапқы жиналған жерінде сұрыптап тапсыруды талап етеді.Қарағандыда тұрмыстық қалдықтардын сұраптауға қатысты пилоттық жобалар 20 жыл бұрын басталған. Халық сұрыптау қажеттілігі туралы хабардар, қажет екенін біледі. Мысалы, бүгінде қалада сымнан жасалған, пластик бұйымдарын жинайтын контейнерлер бар. Тұтынушылар қалдықты бөліп жинағанымен, полигонда олар араласып кетеді. Бастама жақсы болғанымен, бәрібір қоймада басқа қалдықтармен араласып кетеді. -->

Облыстағы полигондар 808 футбол алаңының аумағын алып жатыр

Қарағанды облысының Экология департаментінің ақпаратына сәйкес, өңірде 202 полигон жұмыс істейді. Бұл полигондардың әрбірі орта есеппен 2-4 га аумақты алып жатыр. Ең төменгі көрсеткіш – 2 га деп есептегеннің өзінде полигондардың аумағы стандартты (100м*50м=5000 м2) 808 футбол алаңының аумағын алып жатыр деген сөз. Немесе ол аумаққа Қазақстандағы ең ірі ғимарат - көлемі 510 мың м2 құрайтын 8 «Qazaqstan» кешені («Абу Даби Плаза» кешені») сыйып кетер еді.Бүгінгі күні тек 25 ҚТҚ полигоны бойынша рұқсат беру құжаттамасы бар, қалған 177-і заңдастырылмаған және құқықтық белгілейтін құжаттары жоқ. Бұған қоса, күн сайын облыста орта есеппен 1,4 тонна медициналық қалдық және 1,5 тонна ҚТҚ утилизацияланатыны белгілі болды.
«Облыстың елді мекендерінің полигондары мен үйінділерінде жинақталған ТҚҚ жалпы көлемі 2020 жылдың есепті кезеңінде орналастырылғандарды ескере отырып, 10 396 мың тоннаны құрайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен 27-ден астам мамандандырылған ұйымдар айналысады», - делінген департаменттің мәліметінде.

Шағын қалалардағы полигондар толып қалды

Экологтар өңірдегі полигондардың проблемасын жиі көтеріп жүр. Ірі қалаларда полигондар әлі де ескі, бірақ олардың ауданы артып келеді – жобалық және экологиялық құжаттаманы алдын ала рәсімдеумен қосымша учаскелер «кесіліп жатыр», бұл айтарлықтай қаржыландыруды қажет етеді. Елді мекендер мен шағын қалаларында мұндай ақша жоқ, сондықтан олар толып қалған. Өйткені қосымша жер учаскелерін ресімдеуге, полигон карталарын жобалау мен салуға және қажетті рұқсаттарды ресімдеуге ақша жоқ.
«Қарағанды қаласының жанындағы спутниктік және шағын қалалардағы полигондар толып қалған. Жалпы, ҚТҚ полигондарының пайлалану мерзімі 20-25 жыл. Қолданыстағы полигондардың 25 жыл артық пайдаланылып жатқанын ескерсек, толып қалды деп айтуға болады. Мәселен, Абай қаласындағы полигон арагідік өртеніп, бықсып, ауаны ластап жатады», - деді Қарағанды облыстық экологиялық музейінің директоры Айгүл Маликова.
Экологтың айтуынша, қоқыс полигондарын реттеудің заңды механизімі толық ойластырылмаған. Мәселен, ҚТҚ полигондарының барлығы жергілікті атқарушы органдардың балансында. Әкімдіктердің қалдықтарды орналастыру үшін қандай да бір төлем алуға құқығы болмағандықтан, сенімгерлік басқару құқығы берілетін делдалдар пайда болады. Тендер арқылы жекеменшік компания таңдалып, оған ҚТҚ жинау, шығару, тасымалдау және қалдықтарды жою үшін көліктік қызмет көрсету міндеті жүктеледі.«Осы жерде проблема бар. Себебі жобалық экологиялық құжаттар әкімдікке рәсімделеді. Ал экологиялық рұқсатты әкімдік сенімді басқаруды беру кезінде жеке ұйымдармен ресімдеуді талап етеді. Өйткені олар полигонды пайдаланады және мониторинг жүргізуі, экологиялық рұқсат ресімдеуі, экологиялық төлемдерді төлеуі және т.б. тиіс. Көп жағдайда экологиялық жоспардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша жұмыс көлеміне дайын емес ұйымдар жиі келетіндіктен, жұмыс сапасыз орындалады. Олардың инвестор емес, қаржысы тек тасымалдауға және қалдықтарды көму үшін қабылдауға ғана жетеді. Ал сұрыптау қондырғыларын сатып алу, сұрыптау орталықтарын жобалап, орнауға қаржы жоқ», - деп қосты эколог.Ірі қалалардағы ҚТҚ полигондары талаптарды сақтауға тырысады, мониторинг жүргізіп, экологиялық есептілік тапсырылып, экотөлемдер төленеді. Іс жүзінде бұл полигондардың барлығының пайдалану мерзімдері өтіп жатыр, халықтың өсуін және қолданыстағы заманауи технологияларда ескере отырып, жобалау-құжаттамасын әзірлеу, құрылысқа инвестициялау қажет дейді маман.

Ауылдағы полигондардың экологиялық құжаттамалары жоқ

Ауылдағы полигондарға мониторинг жүргізілмейді, экологиялық құжаттамалары мүлдем жасамайды, дейді ол. Кез келген полигонға экологиялық шешім қабылдау үшін сол полигон құрылысының жобасы қажет. Құрылыс басталғанға дейін осы жер учаскесінде пайдалы қазбалар, ауызсу көздері жоқ екенін растау, сондай-ақ жер асты суларының пайда болу деңгейін, топырақтың сапасын олардың сүзу қасиеттерін білу үшін инженерлік және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс.
«Ауылдық полигондар - бұл елді мекеннен тысқары жерде орналасқан шатқал немесе шұңқыр. Тұрғындар қалдықтарын әкеліп, үйіп тастай береді. Экология мен санитарлық нормалар тұрғысынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны деп атауға болмайды», - деп қосты Маликова.
Бұған қоса, эколог ҚТҚ полигонында оқшаулағыш экран болуы керек екенін еске салды. Қазір норма бойынша геотекстиль қолданылып, оқшаулағыш мембрана қойылады. Бұл ҚТҚ ашытуынан пайда болатын ағындар топырақ пен жер асты суларына енбеуі үшін полигонның бүкіл аумағына орнатылады.

Мониторинг мәселесі жетілмеген

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қолданысқа енгізілуімен аудит жойылды. Бұрын экоаудит - міндетті және бастамашылық аудит деп екі түрлі жүргізілетін. Егер полигондарға олардың қызметі нәтижесінде экологиялық залал келтірілсе, міндетті аудит болатын. Ал бастамашылық аудит шетелдік инвестиция қажет болса, ол ерікті түрде жүргізіліп келді.
«Мониторинг қазір тек заң бойынша кәсіпорындармен жүргізіледі. Ол экологиялық бақылау өндірісі бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Қазақстандағы барлық кәсіпорындарда бағдарлама әзірлеуге міндетті құжат бар. Бірақ бұл бағдарламаны мемлекеттік органдардан ешкім бекітпейді. Яғни, табиғат пайдаланушы өз қалауы бойынша әзірлейді. Кез келген бизнес өз шығындарын барынша азайтуға тырысады, сондықтан барлық табиғат пайдаланушылар мониторингті ең аз қажетті көлемде ғана жүргізеді. Ал іс жүзінде мониторингтің бұл ең аз көлемі толық көлемде жүргізілмейді», - дейді маман.
Экологтың айтуынша, қалдықтарға қатысты жиі орын алатын бұзушылық бақылау ұңғымаларының болмауы, кәсіпорынның шығыстарына мүлдем салынбайды. Жер асты сулары мен топырақтардың ластанғанын көру үшін полигондардың жанында кем дегенде 2 ұңғыма орнатылуы тиіс. Сорғымен аталған ұңғымалардан кем дегенде 50 литр су алып, оны дұрыс сақтап, зертханаға апарып, талдау жүргізу керек.
«Бұл жабдықты, персоналды және зертханалық қызметтерді жалдауды қажет етеді. Бұл шағын полигондар үшін қомақты шығын. Жеке кәсіпорын сенімгерлік басқару алатындықтан, оған бюджетінен қаржы бөлмейді. Әкімдіктер полигондарға сенімгерлік басқаруда қызмет көрсетуді, экологиялық заңнаманың сақталуын, оның ішінде мониторинг бөлігінде сақтауды талап етеді. Алайда, үйінділер экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтінін ескере отырып, көбінесе бақылауға болатын ештеңе жоқ – жер асты суларының мониторингіне арналған ұңғымалар мүлдем жоқ, өйткені олар бұрғыланбаған және әкімдіктер оларды бұрғылауды және экологиялық мониторинг жүргізу үшін үйінділермен (полигонмен) бірге беруді қамтамасыз етуді білмейді», - деп нақтылады ол.

Қалдықты сұраптап жинауға ынталандыру керек

Өңірдегі полигондардың мәселесін шешу үшін алдымен қайта өңдеуді реттеу керек. Бұл үшін алдымен тұрмыстық қалдықтарды бастапқы жиналған жерінде сұрыптап тапсыруды талап етеді.Қарағандыда тұрмыстық қалдықтардын сұраптауға қатысты пилоттық жобалар 20 жыл бұрын басталған. Халық сұрыптау қажеттілігі туралы хабардар, қажет екенін біледі. Мысалы, бүгінде қалада сымнан жасалған, пластик бұйымдарын жинайтын контейнерлер бар. Тұтынушылар қалдықты бөліп жинағанымен, полигонда олар араласып кетеді. Бастама жақсы болғанымен, бәрібір қоймада басқа қалдықтармен араласып кетеді.
«Халықты қалдықтарды сұрыптап тапсыруға ынталандыру керек. Сонда кәсіпорындар қалдықты қабылдау тиімді әрі утилизациялау оңай болады. Мәслелен, қайта өңдейтін кәсіпорындар салықтан босатылса немесе аз пайызбен несие берілсе проблема шешілер еді. Бізге заңның барлық талаптарына сәйкес келетін жаңа полигондар қажет. Бірінші кезекте салықтық, экологиялық, әкімшілік заңнамаларға өзгеріс енгізілуі тиіс. Бұған қоса қоқыс орындары анықталған жағдайда салынатын айыппұл санкцияларын қатаңдату. Жұмыстың ауқымы кең, оны іске асыру ақшаға, инвестицияға келіп тіреледі», - деді ол.