Елорда жаңалықтары

Онлайн білім алу оңай ма?

Қашықтықтан оқыту біз ойлағандай жаңадан пайда болған әдіс емес. Оның тарихы сонау он сегізінші ғасырда, поштаның пайда болуымен қатарлас. Студент қажетті кітаптарды пошта арқылы алып, ұстазымен оқу барысында хат алмасып тұрған. Ал, емтиханды ұстаздың сол қаладағы сенімді адамына немесе ғылыми жұмыс ретінде жазбаша тапсыратын болған. 1990 жылдары «дербес компьютерлер» көпшілікке қол жетімді бола бастады. Бұл онлайн білім берудің дамуына жаңа серпіліс берді. Мысалға, АҚШ-та қашықтықтан білім алушылардың саны күрт артуына байланысты үкімет білім беру мекемелерінде бұл әдістің елу пайыздан аспау керектігі туралы заң қабылдауға мәжбүр болды. Сонымен, онлайн білім берудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Бұл әдістің қоғамға тигізер пайдасы қандай? Алдымен пайдалы тұсын саралайық. Біріншіден: Қашықтықтан оқыту – білім алушының ақшасын үнемдейді. Онлайн білім берудің екінші артықшылығы: Әлеуметтік тең құқықтылығында. Қазақстанда миллионға жуық адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады. Жоғарғы білім – олар үшін өз шектеулерінің орынын толтыратын үлкен мүмкіндік десек, қателеспейміз. Осыған орай, 2011 жылы елімізде «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту орталығы» ашылған болатын. Аталған орталықтың көмегімен Владислав Демьянов есімді азамат алғаш болып экономика саласында «Тұран» университетінде кандидаттық диссертация қорғап шықты. Үшіншіден: Онлайн білім беру барысында, мұғалім студентке қажет барлық кітаптар мен материалдардың электронды нұсқасын береді. Бұл дегеніміз, оқушы пәнді игеру барысында қосымша ақпарат іздеп кітапханалар мен кітап дүкендерін аралап уақыт жоғалтпайды. Дегенмен, онлайн білім осыншалық қолайлы әрі тиімді болса, барлығын қойып неге қашықтықтан білім алуға көшпейміз деген сауал мазалап отырған болар? Ендеше бұл әдістің кері жақтарын біле отырыңыз. Психологтардың пікірінше, қашықтықтан білім алушының оқуға деген ынтасы болмаған жағдайда, ондай студентке ұстаз көп көмек көрсете алмайды. Ал университет қабырғасында өзінің харизмасымен кез-келген студенттің оқуға деген ынтасын оятып, ғылымға деген құлшынысын арттыратын ұстаздар көптеп кездесетіні белгілі. Онлайн білім берудің тағы бір кемшіл тұсына тәртіп мәселесін жатқызуға болады. Оқушы күнделікті болатын дәрістерді өткізбей тыңдап, берілген тапсырманы уақытылы орындамаса, оқуға төлеген ақша ауаға кетті деген сөз. Статистика бойынша онлайн білім алушы студенттердің қырық пайызы оқуды соңына дейін аяқтамайды. Олардың белсенділігін, тәртібін білім беруші мекеме қадағаламайды. Сондықтан қашықтықтан білім алушы өзін темірдей тәртіпке үйретіп, берілген материалдарды толығымен игеруге тырысуы қажет.

-->