Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтандағы мұқтаж отбасыларға ет таратылды

Елорда әкімдігіне қарасты “Астана жастары” ресурстық орталығының бір топ волонтерлері таң алагеуімнен жүк көліктеріне тиелген етті әр ауданға бөліп, жұмыла жұмыс істеді. [caption id="attachment_91148" align="alignnone" width="1598"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption]

Айт күні көмек алған астаналық тұрғындар қайырымды жандарға алғысын жаудырды.

Айта кетейік, елордалық волонтерлер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.

-->

“Әр аудандағы көмекке мұқтаж 100 отбасының тізімін алдық. Оны бізге аудан әкімдіктері, мешіттер, сондай-ақ Жұмыспен қамту басқармасы ұсынған болатын. Волонтерлеріміз көмек қолын созып, осынау игі іске өз үлесін қосуға тырысуда. Мұнда қазір 50 шақты автоволонтер мен 30-дан аса жаяу волонтер қатысып жатыр. Әрқайсысы өздеріне жүктелген мекенжайлар бойынша етті үйді-үйге таратады”, - дейді “Астана жастары” жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Айт күні көмек алған астаналық тұрғындар қайырымды жандарға алғысын жаудырды.

“Бүгін мынадай игілікті істің куәсі болып отырмыз. Мұқтаждың қажетін өтеп жатқан барша жандарға алғысымды айтамын. Алдағы уақытта да осындай қайырымды істер көп болсын!” - дейді көпбалалы ана Айзат Мұхаметғалиева.

Айта кетейік, елордалық волонтерлер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып, сауапты іске мұрындық болып жүр.