Елорда үшін екі рет дауыс бердім – Өмірзақ Озғанбаев
Менің маңдайыма астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге екі рет дауыс беру бақыты бұйырыпты. Бүгінде сол шешімнің орынды болғанына көзім айқын жетіп отыр. 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғары Кеңестің кезекті отырысында күн тәртібіне астананы көшіру мәселесі қойылды. Сол күні депутаттарға тосындау жаңалықты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жеткізді. Елбасы астананы Ақмолаға көшіру жөнінде жасаған баяндамасында Ақмоланың Алматыдан 30-дан астам артықшылығын мысал етті. Сондағы ең бірінші артықшылық Алматы техтоникалық аймақта орналасқан. Онда жер сілкінісі көп болады. Екіншіден, Алматыда ауа ластанған. Қала ауа бассейнінің түбінде тұр. Әрі елдің астанасының шекараға жақын болуы да құптарлық нәрсе емес. Алғашында бұл ұсынысқа депутаттар үлкен қарсылық білдірді. Әсіресе Алматы облысынан сайланған депутаттар мықтап қарсылық көрсетті. Жиналысқа Әбіш Кекілбаев ағамыз төрағалық етіп отырған. Зал толқып тұр. Әбіш аға: «Ал достар, Президенттің туған күнінде оған тағы бір қаланы сыйға тартамыз ба?», - деді. Залда қозғалыс пайда болды. Дауыс беру кезінде көп дауыспен осы шешім қабылданды. Олардың қатарында мен де Жоғары Кеңестің депутаты ретінде астананы Ақмолаға көшіруді жақтап дауыс бердім. 1997 жылы 10 желтоқсанда Президенттің бұрынғы сарайының күмбезді залында Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері жиналды. Елбасы шығып бүгіннен бастап қазақ елінің астанасы Ақмола қаласы деп жариялады. Осы шешімді дауысқа салайық дегенде тағы да осы шешімді қолдап екінші рет дауыс бердім. Сол кезде мен Сенат депутаты әрі Сенатта комитеттің төрағасы болатынмын. Алматыдан алғаш келген күні бәріміз «Ақмолада күн суық болады» деп тонымызды киіп, жылы киімдерімізді алып келгенбіз. Пойыздан түскен кезде күннің жылы екенін байқадық. 10 желтоқсан күні өзім жайғасқан «Турист» қонақүйінен шығып, қызмет орныма жеткенше көшедегі үлкен тіршілікті байқадым. Біреулер тротуар салып жатты. Енді біреулер көшені тазалауда. Жалпы жаңа елорданың салынуын тәуелсіздіктің табысы деп білемін. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы үлкен әлемдік жиналыстар өтетін орынға айналды. Бұл қала аз ғана уақыттың ішінде бой түзеп, жайнай түсті. 2017 жылы елордада ЭКСПО көрмесі өтіп, қазақтың аты, оның жас астанасының аты төрткүл дүниеге мәлім болды. Бұрын шетелге шығып жүргенімізде Қазақстанның қайда орналасқанын түсіндіру қиын болатын. Енді түсіндіре бастасақ шетелдіктер Ресеймен шатастырады. Мен 1997 жылы отбасыммен қалаға алғашқылардың бірі болып көшіп келдім. Ол кезде қазіргі сол жағалаудағы әдемі қала жоқ. Кәдімгі облыс орталығының деңгейіндегі қала. 200 мыңға жуық тұрғыны бар. Ең әуелі қаладағы қоғамдық тамақтандыру орындарының аздығы көзге түсетін. Ал еліміздің әр аймағынан көшіп келушілердің қарасы қалың. Сол кезде қаланың орталығында «Меруерт» деген мейрамхана ғана болатын. Ал бүгінгі күнде олармен салыстыруға келмейді. Ол кезде шетелден келген қонақты орналастыратын қонақүй табудың өзі үлкен мәселе болатын. Оларға еуропалық үлгіде қызмет көрсететін қонақүй жоқ еді. Ал қазір бәрі керісінше. Қаладағы қызмет көрсету деңгейі еуропалық үлгіден кем түспейді. Алғашында көшіп келгендерге пәтер мәселесі оңай шешілмеді. Тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілді. Жаңа астанаға келген мемлекеттік қызметшілер тез арада пәтер алып орналасты. Негізінен астананы ауыстыру оңай шаруа емес. Үлкен шығынды қажет ететін шаруа. Соңғы жылдары дүниежүзінде астанасын сәтті ауыстырған бірден-бір ел ол – Қазақстан. Елорда бүгінде зиялы қауымның үлкен ордасына айналды. Қалада жаңа оқу орындары ашылып жатыр. Онда көптеген ғалымдар қызметке тартылуда. Мұның бәрі де қаланың интеллектуалдық қорын байытады. Ғылыми потенциал қалыптасып келе жатыр.
-->Менің маңдайыма астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге екі рет дауыс беру бақыты бұйырыпты. Бүгінде сол шешімнің орынды болғанына көзім айқын жетіп отыр. 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғары Кеңестің кезекті отырысында күн тәртібіне астананы көшіру мәселесі қойылды. Сол күні депутаттарға тосындау жаңалықты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жеткізді. Елбасы астананы Ақмолаға көшіру жөнінде жасаған баяндамасында Ақмоланың Алматыдан 30-дан астам артықшылығын мысал етті. Сондағы ең бірінші артықшылық Алматы техтоникалық аймақта орналасқан. Онда жер сілкінісі көп болады. Екіншіден, Алматыда ауа ластанған. Қала ауа бассейнінің түбінде тұр. Әрі елдің астанасының шекараға жақын болуы да құптарлық нәрсе емес. Алғашында бұл ұсынысқа депутаттар үлкен қарсылық білдірді. Әсіресе Алматы облысынан сайланған депутаттар мықтап қарсылық көрсетті. Жиналысқа Әбіш Кекілбаев ағамыз төрағалық етіп отырған. Зал толқып тұр. Әбіш аға: «Ал достар, Президенттің туған күнінде оған тағы бір қаланы сыйға тартамыз ба?», - деді. Залда қозғалыс пайда болды. Дауыс беру кезінде көп дауыспен осы шешім қабылданды. Олардың қатарында мен де Жоғары Кеңестің депутаты ретінде астананы Ақмолаға көшіруді жақтап дауыс бердім. 1997 жылы 10 желтоқсанда Президенттің бұрынғы сарайының күмбезді залында Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері жиналды. Елбасы шығып бүгіннен бастап қазақ елінің астанасы Ақмола қаласы деп жариялады. Осы шешімді дауысқа салайық дегенде тағы да осы шешімді қолдап екінші рет дауыс бердім. Сол кезде мен Сенат депутаты әрі Сенатта комитеттің төрағасы болатынмын. Алматыдан алғаш келген күні бәріміз «Ақмолада күн суық болады» деп тонымызды киіп, жылы киімдерімізді алып келгенбіз. Пойыздан түскен кезде күннің жылы екенін байқадық. 10 желтоқсан күні өзім жайғасқан «Турист» қонақүйінен шығып, қызмет орныма жеткенше көшедегі үлкен тіршілікті байқадым. Біреулер тротуар салып жатты. Енді біреулер көшені тазалауда. Жалпы жаңа елорданың салынуын тәуелсіздіктің табысы деп білемін. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы үлкен әлемдік жиналыстар өтетін орынға айналды. Бұл қала аз ғана уақыттың ішінде бой түзеп, жайнай түсті. 2017 жылы елордада ЭКСПО көрмесі өтіп, қазақтың аты, оның жас астанасының аты төрткүл дүниеге мәлім болды. Бұрын шетелге шығып жүргенімізде Қазақстанның қайда орналасқанын түсіндіру қиын болатын. Енді түсіндіре бастасақ шетелдіктер Ресеймен шатастырады. Мен 1997 жылы отбасыммен қалаға алғашқылардың бірі болып көшіп келдім. Ол кезде қазіргі сол жағалаудағы әдемі қала жоқ. Кәдімгі облыс орталығының деңгейіндегі қала. 200 мыңға жуық тұрғыны бар. Ең әуелі қаладағы қоғамдық тамақтандыру орындарының аздығы көзге түсетін. Ал еліміздің әр аймағынан көшіп келушілердің қарасы қалың. Сол кезде қаланың орталығында «Меруерт» деген мейрамхана ғана болатын. Ал бүгінгі күнде олармен салыстыруға келмейді. Ол кезде шетелден келген қонақты орналастыратын қонақүй табудың өзі үлкен мәселе болатын. Оларға еуропалық үлгіде қызмет көрсететін қонақүй жоқ еді. Ал қазір бәрі керісінше. Қаладағы қызмет көрсету деңгейі еуропалық үлгіден кем түспейді. Алғашында көшіп келгендерге пәтер мәселесі оңай шешілмеді. Тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілді. Жаңа астанаға келген мемлекеттік қызметшілер тез арада пәтер алып орналасты. Негізінен астананы ауыстыру оңай шаруа емес. Үлкен шығынды қажет ететін шаруа. Соңғы жылдары дүниежүзінде астанасын сәтті ауыстырған бірден-бір ел ол – Қазақстан. Елорда бүгінде зиялы қауымның үлкен ордасына айналды. Қалада жаңа оқу орындары ашылып жатыр. Онда көптеген ғалымдар қызметке тартылуда. Мұның бәрі де қаланың интеллектуалдық қорын байытады. Ғылыми потенциал қалыптасып келе жатыр.