Сапалы жолдар – даму көрсеткіші
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету кезек күттірмей шешетін мәселелер еді. Елімізде осы бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қабылданып, жүзеге асырылды. Соның арқасында теміржолдан кейінгі маңызды жүк тасымал көлігі саналатын автомобиль жолдарының жағдайы біршама жақсарды. Солардың бір көрінісі ретінде әлемдік тәжірибеде бар ақылы автобандар іске қосылды. Бүгінде елімізде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы автобан бар. Бұлар: Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелері. Солардың ішіндегі ең алғашқысы – ұзындығы 211,5 км болатын Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесі 2013 жылы «гибридті» ақылы жүйе ретінде іске қосылды. Ақылы жолдан қалаға кіретін жерде арнайы шлагбаумдар орнатылған және көлік жүргізушілері осы шлагбаумдардың алдында төлем жасайды. Жүйе іске қосылған сәттен бастап ақылы учаске өзін-өзі қаржылай қамтамасыз етіп келеді. Мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат қажет болмағандықтан және тәжірибенің оңтайлы нәтижелеріне сүйене отырып, 2019 жылы республикалық маңызы бар тағы 3 автобанға ақылы жүйе енгізілді. Бұлар: Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас тасжолдары. Мұнда да «гибридті» жүйе енгізілген. Қазіргі таңда төрт ақылы учаске де өзін-өзі қаржыландыруда. Ақылы автожолдардағы рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 км-ді құрайды. Жол бойында автомашиналардың қозғалыс жылдамдығын өлшейтін, суретке түсіріп алатын аркалар мен камералар орнатылған. Ақылы жолдардан жүру үшін төлем мөлшерлемесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарымен бекітілді. Ол көліктің жүк көтергіштігіне байланысты болады. Көлік қозғалысы кедергісіз болу үшін алдын ала төлем жүйесі енгізілген. Жеңіл автокөліктің иелері үшін дифференциалды тариф қарастырылған. Яғни алдын ала төлем қолма-қол төлемнен екі есе арзан. Сондай-ақ жеңіл көліктер ақылы учаскеге қарасты елді мекендерде тіркелген азаматтар үшін құны 1000 теңгені құрайтын бір жылдық абонементтер бар. Былтыр төрт ақылы учаскеден 10,7 млн автокөлік жүріп өткен. Солардың берген төлемдерінен 5746,4 млн теңге жиналған. Демек, ақылы жолдың да артықшылығы аз емес. Осыған байланысты елімізде ақылы жолдарды көбейту көзделген. Яғни 2024 жылы 11 мың шақырымдық 32 учаске де ақылы қызметке қосылады деп жоспарлануда. Оған 25 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 13 жолды ақылы қылудың жұмыс жоспары жасалған. Республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауды «Қазақавтожол» ЖШС жүзеге асырады. Жалпы сапалы жол салып, одан ақы алу арқылы жолды ұстап тұру немесе жаңа жол салуға қаржы жинау – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем қолданып, игілігін көріп отырған жоба. Қазақстанда жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 128,3 мың км құрайды. Олардың 97,4 мыңнан астамы – жалпы пайдаланымдағы автожолдар, оның ішінде 23,5 мың км республикалық маңызы бар және 73,9 мың км облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар. 2001 жылдан бері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын қалпына келтіруге және пайдалануға 1453,7 млрд теңге, соның ішінде 75 пайызы республикалық маңызы бар жолдарға инвестицияланды. Жолдар жағдайы жақсарып, автокөліктер саны артқан соң автожолдардағы қозғалыс қарқындылығы 2001 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды. Бүгінде республикалық маңызы бар жолдардың бүкіл желісіндегі орташа тәуліктік қарқындылық тәулігіне 91 мың автомобильді құрайды. I және ІІ техникалық санаттағы көлік дәліздерінің жүктемесі тәулігіне 2,2 мыңнан 5,8 мың автомобильге дейінгі аралықта. Қазіргі уақытта пайдаланылатын автомобиль жолдарының жай-күйіне келсек, олардың 20 пайызының жағдайы жақсы, 47 пайызының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ал 33 пайызының ахуалы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Жолдардың жағдайы елдің бәсекеге қабілеттілігінің халықаралық рейтингтерінде көрініс табады.
-->