Елорда жаңалықтары

Теріс ПТР сынақтарын жасаған әуежай қызметкерлері ұсталды

Алматы қаласы халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық ҰҚКД-мен бірге 1992 жылы туған Ж. есімді азаматты және 1993 жылғы И. есімді азаматты ұстады. Белгілі болғандай, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған. Барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылған. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасаған. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен. Кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберген. Алынған қаражат өздері әрі әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінген. «Қазір кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатысы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар» қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді ведомство.

-->