Елорда жаңалықтары

Елордада велосипедті ұрлап кеткен ер адам ұсталды (видео)

"Жедел басқару орталығының бейне-бақылау инспекторы бағдар бойынша күдіктіні Көктал ауданында байқаған. Патрульдік полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 64 жастағы ер адамды анықтап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Тергеп-тексеру барысында қаскүнемнің кешкі уақытта дәріхананың алдында "Schwinn" маркалы велосипедтің тұрғанын байқап, оны ұрлап кеткені анықталды", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

https://youtu.be/h_ACoHFIYMY Күдікті мойындау айғағын берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамның бұған дейінгі жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

--> "Жедел басқару орталығының бейне-бақылау инспекторы бағдар бойынша күдіктіні Көктал ауданында байқаған. Патрульдік полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 64 жастағы ер адамды анықтап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Тергеп-тексеру барысында қаскүнемнің кешкі уақытта дәріхананың алдында "Schwinn" маркалы велосипедтің тұрғанын байқап, оны ұрлап кеткені анықталды", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.