Елорда жаңалықтары

Англия ковидке байланысты барлық шектеуді алып тастамақ

Министрлер 19 шілде күні Англия Covid шектеулерін жеңілдетудің соңғы кезеңіне ауысатынын растады. Бұл әлеуметтік байланыстарға қойылған барлық заңдық шектеу алынып тасталады дегенді білдіреді. Бірақ премьер-министр «пандемия әлі аяқталған жоқ» деп ескертіп, абайлап әрекет ету керектігін айтты. Қазіргі толқынның шарықтау шегі тамыздың ортасынан кейін болады деп болжанып отыр. Үкіметтік ғалымдардың пікірінше, бұл кезеңде күніне 1000-2000 адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Бұл уақытта күніне 100-200 адам өлімі тіркеледі деген болжам да айтылып жатыр. Бұған дейін Франция екпе алмағандарды мейрамханаларға кіргізбеу туралы шешім қабылдағаны туралы жариялаған едік.

-->