Елорда жаңалықтары

Франция екпе алмағандарды мейрамханаларға кіргізбеу туралы шешім қабылдадады

Бұл орындарға екпе алғандар және ковид анықтайтын тесті теріс нәтиже көрсеткендер ғана кіре алады. Бұл - елдегі коронавирустың жаңа толқынымен күреске байланысты дүйсенбі кешке жарияланған шаралардың бір бөлігі. Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, COVID-ке қарсы вакцина алғандар санын барынша ұлғайту болашақта жаңа оқшаулаудың алдын алуда маңызды қадам саналады. Қазір Франция халқының шамамен 40 пайызы вирусқа қарсы екпе алды. Бұл Францияға жақын кейбір көрші елдерден әлдеқайда төмен. Президенттің мәліметінше, вакцина cалдыруға міндеттелгендер 15 қыркүйекке дейін алмаса, оларға түрлі тыйым немесе айыппұл салынады. Екі апта бұрын Францияда вирустық инфекциялар өсімі қайта жанданған болатын.

-->