Елорда жаңалықтары

iKOMEK орталығы алты айда 10 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

іKOMEK-те 16 000-нан астам бейнебақылау камерасы біріктірілген, олар саябақтар, гүлзарлар, мешіттер, автобус аялдамалары, вокзалдар секілді адам көп жиналатын жерлерде орналасқан. Сонымен, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қалалық ПД экологиялық полиция бөлімімен бірлесе отырып, стихиялық орындарға қоқыс шығарудың 30-дан астам фактісі анықталды, олар елорданың экологиясына кері әсер етеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Полиция департаментімен бірлесіп, жыл басынан бері 22,8 млн теңгеден астам сомаға 1 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, рәсімделді. Сонымен қатар, iKOMEK ахуалдық орталығы 76 қылмысты ашуға көмектесті. Сол сияқты операторлар қаланың бейнебақылау жүйесі арқылы уақытылы қар күрелмеген орындарды, су тасқыны мен жаңбыр кезінде су басу фактілерін, ашық құдықтарды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да оқиғаларды анықтады. Анықталған оқиғаның бәрі қалалық коммуналдық қызметтермен жедел пысықталады. «Жыл басынан бері iKOMEK бейнебақылау операторлары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5 830 бұзушылық фактісін анықтады. Су басу, қар күрелмеу, қоқыстың жиналуы, құдықтар (ашық, сәтсіз, стандартты емес), абаттандыру (жарықтандыру, тротуар, асфальт, шыны) ЖЖЕ (автокөліктің дұрыс тұрақтамауы) және т.б.», – деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова. Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK орталығына келесі тәсілдермен хабарласуға болады: 1. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz 2. Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot); 3. іKOMEK109 (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы; 4. Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы.

-->