Бүгін Еуропа чемпионатының финалы өтеді
Турнирдің финалын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Еуропа чемпионатының шешуші ойыны Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Бас жүлде үшін Италия мен Англия құрамалары сынға түседі. Ағылшын командасы Еуроның финалына алғаш рет шығып отыр. 1966 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін Англия құрамасы футбол додаларының финалына дейін жетіп көрмеген.Италия 1968 жылы Еуропа чемпионы атанды. Одан кейін «Скуадра Адзурра» 2000 және 2012 жылғы Еуропа чемпионаттарының финалында ойнады. Есесіне, 1968 жылдан бері төрт әлем чемпионатының финалына шығып, екеуінде жеңіске жетті. Қазір Роберто Манчинидің командасы 33 матчтан тұратын жеңіліссіз сериямен келе жатыр.Биылғы Еуроның плей-офф кезеңінде ағылшындар Германия, Украина және Дания құрамаларынан басым түссе, Италия Австрия, Бельгия, Испания командаларын ұтты.Италия мен Англия құрамалары арасындағы финалдық матчтың тікелей трансляциясы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан Нұр-Сұлтан уақытымен 00:30-да, ал «Qazsport» телеарнасында 00:45-те басталады.
-->