Ригада Қазақстанның елордасы туралы фотокөрме ашылды
Жобаны Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Рига қаласының Думасы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Рига тұрғындары мен қонақтарының назарларына тек қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның ерекше белгілеріне айналған бас қаламыздың танымал сәулет нысандарының фотосуреттері ұсынылды.
Көрменің ашылу салтанатына шақырылған латвиялық ресми тұлғалар, Сейм (парламент) депутаттары, мәдениет және ғылым қайраткерлері, академиялық топтардың, бизнес құрылымдардың, сондай-ақ БАҚ өкілдері Қазақстан астанасының халықаралық саясаттың, экономиканың, ғылымның, мәдениеттің және спорттың маңызды орталығына айналғанын атап өтті.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан ірі шаһарлардың бірі. Қазақстан мен Латвия астаналары арасында бауырластық қатынастардың орнауы екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін берді.
Көрме 18 шілдеге дейін жалғасады.
-->Жобаны Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Рига қаласының Думасы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе отырып жүзеге асырды.