Елордалық полицейлер бір түнде мас күйінде көлік айдаған 21 адамды ұстады
Заң бұзушылар ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды және жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды. "26 қыркүйекте сағат 01.00-де Ресей Федерациясының азаматы, 38 жастағы жүргізуші «Nissan X-TRAIL» маркалы автокөлігімен Сарайшық көшесімен келе жатып, Ақмешіт көшесінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген сигналына бұрылған кезде көлік құралына жол бермей, қарама-қарсы бағыттан тура келе жатқан 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада» маркалы автокөлігімен соғылған", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. 38 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.
-->Заң бұзушылар ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды және жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды. "26 қыркүйекте сағат 01.00-де Ресей Федерациясының азаматы, 38 жастағы жүргізуші «Nissan X-TRAIL» маркалы автокөлігімен Сарайшық көшесімен келе жатып, Ақмешіт көшесінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген сигналына бұрылған кезде көлік құралына жол бермей, қарама-қарсы бағыттан тура келе жатқан 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада» маркалы автокөлігімен соғылған", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. 38 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.