Тимур Құлыбаев Олимпиада құрамасының дайындығын тексерді
Штаб Олимпиада ойындарына қатысудың барлық аспектілерімен айналысады. Атап айтқанда, спортшылардың жарыстарға қатысуы, халықаралық федерациялармен өзара байланыс, логистика және олимпиадашылардың денсаулығын сақтау сынды мәселелермен айналысады. Кездесуге қатысушылар Олимпиадаға іріктеудің ерекшеліктерін, коронавирустық инфекциядан қорғану ережелерін және жалпы Жапониядағы талаптарды талқылады. "Боксшылар ойындарға қатысуға дайын", - деп хабарлады ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. - "Соңғылардың қатарында біз шетелде жиын өткіздік, кубалықтармен бірге жаттықтық. Жарыс басталардан екі апта бұрын команда акклиматизациядан және Жапонияда соңғы жиыннан өтеді. Біз үшін ең бастысы - барлық санитарлық, карантиндік талаптарды сақтау, спортшыларды, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді қорғау". Ұлттық құрама командалар Қазақстандағы олимпиадалық базаларда ойындар алдындағы соңғы жаттығуларын өткізуде. Сол жерден олар бірден Токиоға аттанады. Садақ атудан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Нұғматұлла Сайдиев Қазақстанда жаттығуға арналған заманауи инфрақұрылымның жасалғанына риза: "Ақбұлақта" тамаша база бар, заманауи лукодром салынған, ол Халықаралық федерацияның барлық стандарттарына сәйкес келеді, электрондық жабдықпен қамтамасыз етілген, соның арқасында біз Токиода болатын жағдайды модельдеп, бірден сонымен жұмыс істейміз. Елімізде осындай мамандандырылған спорт нысандарын дамытуға көңіл бөлінетініне қуаныштымыз". Делегация мүшелеріне Ойындарды ұйымдастыру комитетінің ережелерін, яғни «плейбук»-ты мүлтіксіз сақтау қажеттілігі еске салынды. ҰОК басшысы кездесу соңында олимпиадашыларға табыс тіледі. Олимпиадалық делегация Қазақстаннан Жапонияға 16 шілдеде ұшады. Арнайы логистикалық схема құрылып, біздің еліміздегі спорт базаларынан Токиодағы олимпиадалық ауылға дейінгі барлық олимпиадашылардың бағыттары жасалды. Процесті жабдықтаудан бастап медициналық көмекке дейін әртүрлі қызметтер бақылайды. Карантиннен кейін үшінші тұлғалармен байланысқа түспеу үшін команда чартерлік рейстермен тасымалданады. Токиода спортшылар тағы да оқшауланады - әртүрлі елдердің спортшыларына бір-бірімен кездесуге тыйым салынған, олардың бағыттары тек олимпиадалық ауыл, жаттығу және жарыс өтетін орындар арасында орналасуы керек.
-->Штаб Олимпиада ойындарына қатысудың барлық аспектілерімен айналысады. Атап айтқанда, спортшылардың жарыстарға қатысуы, халықаралық федерациялармен өзара байланыс, логистика және олимпиадашылардың денсаулығын сақтау сынды мәселелермен айналысады. Кездесуге қатысушылар Олимпиадаға іріктеудің ерекшеліктерін, коронавирустық инфекциядан қорғану ережелерін және жалпы Жапониядағы талаптарды талқылады. "Боксшылар ойындарға қатысуға дайын", - деп хабарлады ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. - "Соңғылардың қатарында біз шетелде жиын өткіздік, кубалықтармен бірге жаттықтық. Жарыс басталардан екі апта бұрын команда акклиматизациядан және Жапонияда соңғы жиыннан өтеді. Біз үшін ең бастысы - барлық санитарлық, карантиндік талаптарды сақтау, спортшыларды, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді қорғау". Ұлттық құрама командалар Қазақстандағы олимпиадалық базаларда ойындар алдындағы соңғы жаттығуларын өткізуде. Сол жерден олар бірден Токиоға аттанады. Садақ атудан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Нұғматұлла Сайдиев Қазақстанда жаттығуға арналған заманауи инфрақұрылымның жасалғанына риза: "Ақбұлақта" тамаша база бар, заманауи лукодром салынған, ол Халықаралық федерацияның барлық стандарттарына сәйкес келеді, электрондық жабдықпен қамтамасыз етілген, соның арқасында біз Токиода болатын жағдайды модельдеп, бірден сонымен жұмыс істейміз. Елімізде осындай мамандандырылған спорт нысандарын дамытуға көңіл бөлінетініне қуаныштымыз". Делегация мүшелеріне Ойындарды ұйымдастыру комитетінің ережелерін, яғни «плейбук»-ты мүлтіксіз сақтау қажеттілігі еске салынды. ҰОК басшысы кездесу соңында олимпиадашыларға табыс тіледі. Олимпиадалық делегация Қазақстаннан Жапонияға 16 шілдеде ұшады. Арнайы логистикалық схема құрылып, біздің еліміздегі спорт базаларынан Токиодағы олимпиадалық ауылға дейінгі барлық олимпиадашылардың бағыттары жасалды. Процесті жабдықтаудан бастап медициналық көмекке дейін әртүрлі қызметтер бақылайды. Карантиннен кейін үшінші тұлғалармен байланысқа түспеу үшін команда чартерлік рейстермен тасымалданады. Токиода спортшылар тағы да оқшауланады - әртүрлі елдердің спортшыларына бір-бірімен кездесуге тыйым салынған, олардың бағыттары тек олимпиадалық ауыл, жаттығу және жарыс өтетін орындар арасында орналасуы керек.