Елорда жаңалықтары

Елордалық оқушы шетелдік алты университеттен шақырту алды

Италияның Padua, Tor Vergata, Messina университеттері, Гонконгтың Hong Kong Baptist университеті, Финляндияның Lappeenranta University of Technology, Нидерландының Maastricht, Кореяның Gwangju Institute of Science and Technology және Қазақстанның КАЗГЮУ университеттері Қазыбекке толық білім грантын тағайындаса, АҚШ жоғары оқу орындары жартылай грант ұсынып отыр. Қазыбек – республикалық, халықаралық олимпиадалар, жобалық байқаулар мен конференциялардың жеңімпазы. Оның «Smart yurt», «Smart park», жел генераторларының жаңартылған жүйесі және т.б. өнертабыстарына авторлық куәлігі мен патенті бар. - Мен «Сomputer science» бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отырмын. Жоғары оқу орындарын таңдаған кезде өз бағытымдағы бағдарламалардың тиімділігі мен бірегейлігіне назар аудардым. Мектепте музыкамен белсенді айналыстым. Зияткерлік мектептің әнұранын орындап, мектептің бас ер вокалисі болдым. «Еco club»-тың, мектеп оркестрінің мүшесі болдым, түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатыстым, - дейді жас зияткер. Мектептен тыс уақытта Қазыбек Тоқтаров халықаралық ІТ компаниясында бір жылдан аса жұмыс істеген. Сондай-ақ, ол «Kazakhstan Speedcubing» федерациясының негізін қалаушыларының бірі. - Ең біріншіден, отбасыма барлығы үшін ризашылығымды білдіремін! Мектептегі барлық мұғалімдерімнің маған үйреткен құнды өмірлік кеңестері, негізгі білімі мен дағдылар үшін алғысым шексіз! Мен өзімнің ең жақсы нұсқам болуға талпындырған талантты, креативті және талапкер достарыма ерекше рақмет айтқым келеді, - дейді Қ.Тоқтаров.

-->