Әкім Ысқақ: Нұр-Сұлтан – менің ең сүйікті қалам
Сонымен қатар ол елордадағы сүйікті орындары туралы айтты. "Астананың ең керемет жері – өзіміз қызметімізді бастаған бұрынғы Парламент үйі. Кейіннен Президент Әкімшілігі болған жер де көзге ыстық көрінеді. Содан соң шағын ғана саябақ бар болатын, сол жерге жиі барып тұратынмын. Одан кейін Әуезов көшесіндегі қалалық пошта. Әр кез қазақ газеттеріне барып жазылатынмын, таппай қалған газетті осы жерден алатынмын. Ол жердегілердің бәрі мені танитын. Сонымен қатар «Астана ақшамы» газетінің бұрынғы орналасқан жері ыстық көрінеді. Бас редактор Жұмагүл Саухат болатын. Ол жерде жұмыс істеген, туған бауырымдай болып кеткен Бекен Қайрат сияқты азаматтарды іздеп баратынмын. Тіпті онда редактордың бірінші орынбасары тағайындалып жатса да, құтты болсын айтып баратынбыз. Мәселен, журналистиканың қара нары атанған Дидахмет Әшімханов, Жанболат Аупбаевтар. Сол сияқты Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры ең жақсы көретін, жиі баратын жеріміз болды. Сол кездегі театрдың режиссері Қадыр Жетпісбаев деген аңқылдаған, өте көпшіл азамат еді, депутаттарды арнайы спектакльге шақырып тұратын. Қазақтың салтымен алғаш рет ерулікке шақырған да сол кісі еді", - деді қоғам қайраткері. Сондай-ақ ақын бұрынғы кездегі қаланың үскірік аязы туралы да еске алды. "Ол кезде қонақ үйден арасы өте жақын болса да, жұмысқа бару үшін көлік шақыртатынбыз. Өйткені үскірік аяз болып, жел қатты соғатын. Кейіннен биік-биік ғимараттар салынып, қаланың шеттерінде орман пайда болып, қала ішіндегі ауа райы мүлде басқаша өзгерді. Қазіргі Нұр-Сұлтан – менің ең сүйікті қалам!" - деді ол. Әкім Ысқақ жергілікті биліктің жұмысы туралы пікірін де ашық білдіріп өтті. "Қазіргі кезде жергілікті биліктің атқарып отырған жұмысы өте ауқымды. Аудан қосылып, шаҺар көлемі де арта түскен. Сол жағалау салынып, өркендеп кетті. Қалада көрікті орындар өте көп. Қазақша сөйлейтін аудитория көбейді. Толық болмаса да, елорданы біршама қазақыланды деуге болады. Бұрын қазақша сөйлейтіндер тіпті некен-саяқ болатын. Әрбір іс-шараға зиялы қауым өкілдері қатысады. Мен де бірқатар шараларға қатысып тұрамын. Қаланың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновтің кез келген форматта журналистермен ашық сұхбатқа шығып, өзінің ойын еркін жеткізетіні ұнайды. Оның бойында жасқа тән жаңа леп, серпін бар. Жалпы, қала билігінің халық үшін жасалып жатқан қарқынды жұмыстары тұрғындар үмітін арттыруда", - деді жазушы.
--> "Менен «қай жерден боласыз?» деп сұраса, «астаналықпын» деп жауап беремін. Иә «астаналықпын» деп мақтанышпен айта аламын. Себебі мен осында елорда болмай тұрып келдім және Астананың өсіп-өркендеуіне атсалыстым. «Астана» туралы Заң қабылдадық, ең алғашқылардың қатарында Президенттің Жарлығымен «Астана» медалімен марапатталдық. 10 желтоқсанда Астана болып жарияланса, осындағы ең алғашқы Жарлығымен Президентіміз 13 желтоқсан күні қазақ тіліндегі «Халықтың көші-қоны» туралы Заңға қол қойды. Ол – тарих. Ол – өшпес жазу! Ол тек Парламенттің ғана емес, Астананың да тарихы. Оның ерекше есте қалғандығы 23 қаңтарда басталған заң жобасы, бір жылға жуық өте қызу талқыланып, 13 желтоқсанда қол қойылды. Кейбір адам 13 санын қорқынышқа балайды. Бірақ мен бұл санды жақсы көремін. Мен үшін ең қасиетті сан. Себебі Президент 13 желтоқсан күні заңға қол қойды. 13 желтоқсан күні үлкен қызымның туған күні. Содан Парламент Мәжілісіндегі депутаттық өкілеттігім аяқталған соң елге қайтайық деп тұрғанымда, Елбасы менің жұмысыма риза екенін білдіріп, өзі қызметке шақырды. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін де 13 желтоқсанда бастауыма тура келді", - деді Әкім Ысқақ.Сонымен қатар ол елордадағы сүйікті орындары туралы айтты. "Астананың ең керемет жері – өзіміз қызметімізді бастаған бұрынғы Парламент үйі. Кейіннен Президент Әкімшілігі болған жер де көзге ыстық көрінеді. Содан соң шағын ғана саябақ бар болатын, сол жерге жиі барып тұратынмын. Одан кейін Әуезов көшесіндегі қалалық пошта. Әр кез қазақ газеттеріне барып жазылатынмын, таппай қалған газетті осы жерден алатынмын. Ол жердегілердің бәрі мені танитын. Сонымен қатар «Астана ақшамы» газетінің бұрынғы орналасқан жері ыстық көрінеді. Бас редактор Жұмагүл Саухат болатын. Ол жерде жұмыс істеген, туған бауырымдай болып кеткен Бекен Қайрат сияқты азаматтарды іздеп баратынмын. Тіпті онда редактордың бірінші орынбасары тағайындалып жатса да, құтты болсын айтып баратынбыз. Мәселен, журналистиканың қара нары атанған Дидахмет Әшімханов, Жанболат Аупбаевтар. Сол сияқты Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры ең жақсы көретін, жиі баратын жеріміз болды. Сол кездегі театрдың режиссері Қадыр Жетпісбаев деген аңқылдаған, өте көпшіл азамат еді, депутаттарды арнайы спектакльге шақырып тұратын. Қазақтың салтымен алғаш рет ерулікке шақырған да сол кісі еді", - деді қоғам қайраткері. Сондай-ақ ақын бұрынғы кездегі қаланың үскірік аязы туралы да еске алды. "Ол кезде қонақ үйден арасы өте жақын болса да, жұмысқа бару үшін көлік шақыртатынбыз. Өйткені үскірік аяз болып, жел қатты соғатын. Кейіннен биік-биік ғимараттар салынып, қаланың шеттерінде орман пайда болып, қала ішіндегі ауа райы мүлде басқаша өзгерді. Қазіргі Нұр-Сұлтан – менің ең сүйікті қалам!" - деді ол. Әкім Ысқақ жергілікті биліктің жұмысы туралы пікірін де ашық білдіріп өтті. "Қазіргі кезде жергілікті биліктің атқарып отырған жұмысы өте ауқымды. Аудан қосылып, шаҺар көлемі де арта түскен. Сол жағалау салынып, өркендеп кетті. Қалада көрікті орындар өте көп. Қазақша сөйлейтін аудитория көбейді. Толық болмаса да, елорданы біршама қазақыланды деуге болады. Бұрын қазақша сөйлейтіндер тіпті некен-саяқ болатын. Әрбір іс-шараға зиялы қауым өкілдері қатысады. Мен де бірқатар шараларға қатысып тұрамын. Қаланың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновтің кез келген форматта журналистермен ашық сұхбатқа шығып, өзінің ойын еркін жеткізетіні ұнайды. Оның бойында жасқа тән жаңа леп, серпін бар. Жалпы, қала билігінің халық үшін жасалып жатқан қарқынды жұмыстары тұрғындар үмітін арттыруда", - деді жазушы.