Елорда жаңалықтары

Несіпбек Айтұлы: Астана – азаттықтың алтын діңгегі

"Осыдан 20 жыл бұрын мен көрген астана мен бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының арасы – жер мен көктей. Айналасы 20-30 жылдың ішінде Арқаға ақ мәрмәрдай қала тұрды. Бұл – сыртқы сәулеті. Ал елорданың ішкі рухани әлемі мүлде өзгерді. Қаншама өнер ордалары, спорт кешендері салынды. Тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнады. Астаналықтардың өмірге, өнерге деген талғамы биіктеді. Әдебиет, мәдениет өкілдері, өнер саңлақтары, жастар осы киелі қалада жан дүниелерін жарқырата түсті.  Астанада өткен әлемдік деңгейдегі ұлы жиындарды, ауқымды шараларды айтпай-ақ қояйын. Республикамыздың басқа қалалары елордаға қарап ой түзейді, бой түзейді. Қысқасын айтқанда, астана – азаттықтың алтын діңгегі. Оның авторы – Елбасы. Ал осы алтын діңгекті қисайтпай ұстап, қала көркін күннен-күнге көріктендіре түсу елорда тізгінін Елбасы сеніп тапсырған әкімдерге байланысты", - деді Несіпбек Айтұлы. 

Сонымен қатар ақын елорда руханияты, мемлекеттік тіл және қазіргі қала басшылығы туралы пікірін айтты. "Мен астанаға көшіп келген 20 жыл ішінде 5-6 әкім ауысты. Бәрі де – білікті азаматтар. Дегенмен мемлекет мүддесі, ұлт тағдыры, ел болашағы тұрғысынан қарағанда көбі көңілден шықпады. Елбасының тапсырмасын екі етпей, шаруаларын дөңгелетіп әкеткенімен, ұлттың қамын ойлайтын деңгейге Иманғали Тасмағанбетовтен басқасы көтеріле алмады. Неге? Әкімдердің көбі – мемлекеттік тілді еркін меңгермегендер. Ұлттық салт-дәсүрден, ел тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен терең сусындай алмағандықтан, туған еліне қанша жаны ашып тұрса да, емін-еркін қызмет ете алмайды. Бұл олардың кінәсі де емес. Заман солай болған шығар. Алайда, айналайындар-ау, 30 жыл болды ғой азаттық алғанымызға. «Туған тілін білмесе, туған ұлым жат маған» деген едім бір өлеңімде. Сол айтқанымдай, туған тілін толық білмеген азаматтар туған еліне жат көрініп тұруы әбден мүмкін. Ел болашағының бір тұтқасы – Тіл! Мемлекеттің болашағы да мемлекеттік тілде. Тарихта өзінің мемлекеттік тілі жоқ мемлекет болған емес. Сондықтан мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, мемлекеттің барлық деңгейдегі билік тізгінін ұлт тілін білетіндерге ұстататын уақыт әлдеқашан жетті. Тәуба, ол күнге де мысық табандап жақындап келе жатырмыз. Оның бір айғағы қос тіл қос қанатындай, қайда салса да, жарып шығатын Елбасының сенімді шәкірттері ұлтжанды белді азаматтарымыз Иманғали, Қырымбек, Мұхтар, Нұрлан Ноғаев тағы басқалардың өкшесін басып келе жатқан Мәулен Әшімбаев, Бауыржан Байбек, Алтай Көлгінов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Дархан Қыдырәлі, Берік Әбдіғали сынды жастардың қатары көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді. «Жас келсе, іске» дегендейін Алтай Көлгінов елордаға әкім болып келгелі қаланың рухани әлемінің көкжиегі кеңи түсті. Оның алдындағы әкім бауырларымыз зиялы қауыммен жүздесуге, кездесуге ынта білдірмей, есігіне жолатпай қашқақтаумен кетті. Кім білсін, мемлекеттік тілді еркін меңгере алмағаннан кейін қорғаншақтаған да болар. Ал Алтай келгелі әкімдік есігі бұрынғыдай тарс бекітіліп қалмай, зиялы қауымға айқара ашылды. Әкім мен руханият өкілдері арасында алтын көпір орнады. Жазушыларға ғимарат берілді. Елордада өтіп жатқан барлық әдеби-мәдени шараларға өзі мұрындық болып, көптің ортасынан табыла білді. Мен осыған разы болдым. Оның үстіне әкімдік қызметкерлерінің мемлекеттік тілге мойынұсына бастауы да көңілге қуаныш ұялатады. Осының бәрі басшыға байланысты деп ойлаймын", - деді Қоғам қайраткері. 

--> "Осыдан 20 жыл бұрын мен көрген астана мен бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының арасы – жер мен көктей. Айналасы 20-30 жылдың ішінде Арқаға ақ мәрмәрдай қала тұрды. Бұл – сыртқы сәулеті. Ал елорданың ішкі рухани әлемі мүлде өзгерді. Қаншама өнер ордалары, спорт кешендері салынды. Тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнады. Астаналықтардың өмірге, өнерге деген талғамы биіктеді. Әдебиет, мәдениет өкілдері, өнер саңлақтары, жастар осы киелі қалада жан дүниелерін жарқырата түсті.  Астанада өткен әлемдік деңгейдегі ұлы жиындарды, ауқымды шараларды айтпай-ақ қояйын. Республикамыздың басқа қалалары елордаға қарап ой түзейді, бой түзейді. Қысқасын айтқанда, астана – азаттықтың алтын діңгегі. Оның авторы – Елбасы. Ал осы алтын діңгекті қисайтпай ұстап, қала көркін күннен-күнге көріктендіре түсу елорда тізгінін Елбасы сеніп тапсырған әкімдерге байланысты", - деді Несіпбек Айтұлы. 