Елордада "Әзім әңгімесі" спектаклінің премьерасы өтті (фото)
[caption id="attachment_89043" align="alignnone" width="1024"] Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
"Былтырғы жағдайға байланысты Абай атамыздың мерейтойына арналған қойылымымызды сахналауға мүмкіндік болмады. Бүгін сәтін салып, өздеріңізге ұсынып отырмыз. Еліміздегі театрлар қойылымды Абай атамызға арнап қойса, біз Абайдың өз шығармасын қоюды жөн көрдік. "Мың бір түн" ертегісінің бір тарауын негізге ала отырып жазылған бұл шығарма ертегі жанрында. Және бұл шығарма аяқталмай қалған. Мен хореограф ретінде өз қиялыммен аяқтауға талпындым. Бұл қойылым менің ойымша, театр тарихында алғаш рет сахналанып отыр. Би театрының мүмкіндіктерін пайдаланып, ертегіні дамытып қоюға тырыстық", - деді либретто авторы Еркебұлан Ағымбаев.
[caption id="attachment_89046" align="alignnone" width="1024"]
Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
[caption id="attachment_89044" align="alignnone" width="1024"]

«Әзім әңгімесі» – хакімнің «Мың бір түннің» бір тарауының өлеңге айналған нұсқасы. Әзімге кездескен жәдігөй шал ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтарын өзінің бас пайдасына пайдаланып, неше түрлі зымияндыққа барады. Поэмадағы алхимик жәдігөй шал өзінің мақсатын орындау үшін Әзімді алдап, тау басына, ысылдаған әбжылан, айдаһарлардың ішіне қалдырады. Қойылым соңында олар кенеттен екі жаққа айрылысып кетеді.
[caption id="attachment_89047" align="alignnone" width="1024"]

[caption id="attachment_89049" align="alignnone" width="1024"]

Спектакльді қоюшы хореографтар – С.Дүзбаев, А.Беглова, Ұ.Изенаев, М.Байболова. Қоюшы-режиссер – Қ.Ағымбаева. Музыка авторы және музыкамен өңдеген – Қорғанбек Ержан. Киім дизайнері – Ақбота Тоқтасынова.
Аманғали Қалжанов