Елорда жаңалықтары

Ақмола облысында бірнеше республикалық байқау, челлендждер ұйымдастырылды

Көрменің ашылу барысында Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиұлы құттықтау сөздерінде ұлттық өнерді, салт-дәстүрлерді ұлытқау, рухани құндылықтарды сақтау, арттыру, насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Ұлтымыздың ұлы мұрасы Ұлттық домбыра күніне орай Ақмола өңірінің өнерпаздары өнер челенджін бастады. Челендж Қызылжар, Семей, Қарағанды өңірлеріне жолданды. Аймақтық «Арқаның ән дариясы» дәстүрлі әншілер байқауы 29 маусым күні Степногорск қаласындағы «Горняк» орталықтандырылған мәдениет сарайында өткен болатын. Байқау «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінің «Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық Домбыра күніне арналды. Өнер додасына Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарынан 20 мен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатысты. Қазылар алқасының құрамында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, Президент оркестрінің солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Бисара Мәкенова болды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Денислам Жайлаубай (Аршалы ауданы) Бас жүлде иегері атанды. Айбала Бейсенова (Целиноград ауданы) жүлделі бірінші орынға ие болса, екінші орынды Төлеген Аманов ( Көкшетау қаласы) жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Ғалымжан Нұрпейісов үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Ұлттық домбыра күніне және қазақ музыка мәдениетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Бұлбұл» аймақтық  интернет-байқауы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және жеңімпаздарды анықтау. Өнер додасына Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының 14 домбырашы қыз-келіншектері қатысты. Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Сәкен Біржанов, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, Халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты Руслан Қойшыбаев, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты Бауыржан Балтин қазылық етті. Қорытындысы бойынша Эльвира Бошымова (Нұр-Сұлтан қаласы) бас жүлде иегері атанды. Жүлделі бірінші орынға Әйгерім Шалхарова (Көкшетау қаласы) ие болса, екінші орынды Дильназ Махметова (Қостанай облысы), үшінші орынды Рысты Жанбыршиева (Қорғалжын ауданы) жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, бағалы сыйлықтар мен «Рухани қазына-2021» естелік кәдесыйлары табыс етілді.

-->