Елорда жаңалықтары

Елімізде өткен аптада вакциналау қарқыны 1,6 есе артты

Үкімет мәліметінше, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, халықты вакциналау жалғасып жатыр. Шамамен 5,2 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 3 246 795 адам егілді, бұл тиісті халықтың 32,8%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылды. «Бүгін егу пунктерінде вакцина дозалары жеткілікті: бірінші компоненттің 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы бар. Вакцина жеткізіліп жатыр. Өткен аптада вакциналау қарқынының 1,6 есе, өткен аптада 254 мыңнан 405 мыңға дейін өскенін атап өткен жөн», - деді ведомство басшысы.  Вакциналау тиімділігіне талдау жүргізілді. Сәуір-маусым айлары аралығында елімізде вакциналанғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуімен, сырқаттанушылықтың 2 есе төмендегіні байқалады. «Осыған байланысты, Дельта штамының пайда болуын және аталған штамға қарсы вакциналардың тиімділігін зерделеудің жалғасып жатқанын ескеріп, вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайға жағымды әсер ететінін айта кеткен дұрыс», - деді Цой.

-->