Оқулықтың олқылығы оңала ма?!.
Оқулықтың олқысын айтып, қатесін теріп жүрген тек журналистер ғана десеңіздер, қателесесіздер. Бүкіл Қазақстанның ата-аналарының пікірі бір арнадан шығады. Бәрі де балаларының сөмкесінің жыл сайын ауырлағанын, оқулықтардағы кейбір мәтіндерді балаларына түсіндіре алмай қиналатынын, ол аз десеңіз, кітап тілінің тікелей аударма екенін айтып-ақ жүр. Бірақ естір құлақ жоқ. Бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілсе «жарайды, түзелер» дер едік. Алайда жағдайдың жақсармай келе жатқанына бірнеше ондаған жылдан асты. Осылайша жауыр болған тақырыпты қопара беріп, біз де зар заман жырауларына айналдық. «Жан-жақтан оқулық нашар деп айта бергеннен түк шықпайды. Орынсыз сынайсыңдар» деді осы істің басы-қасында жүрген көкеміз қарайған халыққа ренжіп. Жоқ, жұрт қатені көргесін, түзелмей жатқан соң айтады. Ал біз сол халықтың мұңын жауапты мекемелер естісе екен деп шырылдаймыз. Егер шынымен де қатесі жоқ, барлығы мінсіз оқулық болса, аққа күйе жағып қайтеміз? Қортықтар еліне айналамыз ба? Әлеуметтік желілерге баласының сөмкесін салып, оны өлшеп, білім саласының бүгінгі жүйесіздігіне налыған ата-ананың қарасы өте көп. Біздіңше, бұл мәселе жай ғана жазылып, әр жерде айтылып қана қоймауы керек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан үлкен өзгеріс қажет. Біз мына жақта оқулықтың жырын жырлап, сөмке өлшеп жүргенде дамыған елдер мектеп оқушыларының сөмкелеріне де арнайы стандарттар белгілеп қойған. Мысалы, Ресейде сөмкедегі заттың салмағы баланың салмағының оннан бір бөлігі болуы шарт. Ал Америкада бала 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін тек 4 келіге дейін көтереді. Ал біздің елде бастауыш сыныптың оқушысының өзі бұдан екі есе ауыр жүк арқалап жүр. Ең болмағанда, сол ауыр салмақты болдырмаудың жолын да қарастырмайтын немқұрайлылыққа не айтамыз? Әйтпесе, сол елдердегідей сабақ барысында пайдаланылатын негізгі оқулықтарды мектептегі оқушылардың жеке сөрелеріне қалдырып, мектептерде үй жұмысы топтастырылған арнайы конверттер таратылса да болар еді. Күніне 5 келіден артық сөмке көтеретін балалардың омыртқа жотасы қисаймай қайда барады? Бірінші сыныпты аттаған бүлдіршіндердің иығы көп ұзамай жауыр болады. Сөмкесіндегі «реформаланған» оқулықтардың салмағы бойларын өсірмейді. Қазақстан қортықтар еліне айнала бастаса, себебін мектептен көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары бүкірейген ұрпақ көбейген. Бұл да – болашақта туындайтын үлкен мәселелердің бірі. Ал осыған не кінәлі? Әрине, кітаптың санының көбейгендігі, қосымша дәптерлердің қаптағаны кінәлі. Ауруын жасырған өледі «Ауруын жасырған өледі» деген мәтел бар халық арасында. Қазіргі оқулық бойынша туындап жатқан проблемаларға көз жұмып қараған сайын тығырыққа тірелеріміз сөзсіз. Оқулықтағы қателер қай пәннен көп кетеді? Жиі қайталанатын қателер қандай? Қатеге қай мекеме жауапты? Осы және өзге де сұрақтарды талдап, ел арасында сауалнама жүргізіп те көрдік. Барлық пәннен қате кетеді деу ағаттық. Оқулықтағы қателердің өзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Олар, мағынасыз аудармалар, шешуі қате есептер, логикалық қателер мен грамматикалық қателер, дұрыс емес сызбалар. Ең әуелі мағынасыз аудармаға зер салып көрейік. Аудармалардың басым көпшілігі терминдерді аударудан кетіп жатады. Мысалы, 2013 жылғы бұйрық бойынша терминдердің басым бөлігінің қазақша баламасы енгізілген. Бірақ оқулықтарда онкологиялық аурулар – ісік аурулары, кардиология – жүрек-қан тамырлары аурулары, неврологиялық – жүйке аурулары, рак – қандық уылма (жаман ауру), рецепт – шипашақ деп неге берілмейді екен? Бірнеше жыл бұрын «Алматыкітап баспасы» шығарған 3-сыныпқа арналған «Математика» пәнінде 7-ні 4-ке көбейткенде «27» деген қателік анықталып, видео түрінде әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді. Баспа оқулықта келтірілген Пифагор кестесінде жіберілген қате кітапты басып шығару кезінде техникалық себептерге байланысты орын алғандығын ашық мойындаған. Жіберілген қате аталмыш оқулықтың келесі таралымдарында түзетілетінін айтып, баспа және оқулық авторларының атынан халықтан кешірім сұраған еді. Ал кейбір баспалар оқулықтан кеткен қателерді мойындаудан бас тартады. Математикалық графиктер мен есептерден кететін қатеден көз сүрінеді. Тағы бір қате, 4-сыныптың «Әдебиеттік оқулық» кітабында Шоқан Уәлихановты 1983 жылы қайтыс болды деп жазған. Небәрі отыз-ақ жасында аққан жұлдыздың өмірбаянын қате көрсету – үлкен сорақылық. Ол аз десеңіз, Сапарғали Бегалиннің суреті берілген тұсқа осы Шоқан Уәлихановтың есімі тайға таңба басқандай жазулы тұр. Осыдан-ақ төменгі сыныптың оқулықтарын шығаруға деген құлықсыздықты байқауға болады. Қатені түзетіп, қайталамаудың орнына жыл өткен сайын үдете түсуде. Тіпті мазмұн мен мағына жағынан қате кетіруге көз жұма қарау мүмкін емес. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының гуманитарлық пәндерінде бір тақырып 15-16 бетке дейін созылып кеткен. Мұндай шұбалаңқы ақпарат – бала миына қорытуға ауыр және тез жалықтыратын, сол пәнге деген қызығушылығын төмендететін жағдай. Ең сорақысы, қателер «Қазақ әдебиеті» оқулығында да өріп жүр. 9-сынып хрестоматиясындағы Қамбар батыр жырында сүйген жары Назымды батырға арақ пен шылым шеккізген жеңілтек қыз ретінде суреттейді. Бірақ, сол кездегі қоғамның осы тақырып төңірегіндегі дау-дамайынан «Мектеп» баспасы аман құтылып кеткен еді. Депутаттар осы жағдайлардан кейін «оқулықтарда қате көп жіберетін министрлікке бюджеттен ақша бөлмеу керек» деген болатын. Бірақ болашақ ұрпағымыздан аяғанды ит жесін дер еді қазақ халқы. Жыл сайын қаншама миллиард өз ісіне жауапсыз сала мамандарының қалтасына кетіп жатыр. «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулығына тағылатын сын көп. Тарихи тұлғалардың өмірі, хронологиясы мен еңбектерінде көп қателер кеткен. «Орыс әдебиеті» оқулығын парақтасақ, қарапайым қателер өріп жүр. Физикада да солай. Есептің көрсетілген жауабы – теріс. Мысалы, мұнда бір есепте шешімі 0,24 деп көрсетілген. Дұрысында, 0,27 деген сан шығуы керек. География оқулығында карталарда қателер бар. Ағылшын тілі оқулығында аударма мағынасы өзгеріп кеткен. Мағынасына сай емес, мәтінді сөзбе-сөз аудару көп кездеседі. Балалар сол бойынша қатеге үйреніп жатыр. Төл оқулық туа ма? «Ұлым бірінші сыныпта оқып жүр. Оқулықтарында «пицца» туралы жазылған мәтін бар. Тіпті көп тақырыптары осындай, шетелдік мультфильмнің тақырыптары сияқты. Жеңіл-желпі қойыла салған. Жаңадан мыңдаған данамен шыққан оқулықтың мазмұны тар, салмағы ауыр. Оқулықты дайындағандардың жауапкершілікпен қарамайтыны көрініп тұр. Министр ауысқан сайын, оқулықтар да мың құбылып реформаланады. Бірнеше жыл бұрын дүние жүзі картасында Қазақстанның Ресей құрамына кіріп кеткенін де көрдік. Қарапайым ата-ана болсам да, бітпейтін оқулықтың жыры шаршатты. Балаларымның болашағына алаңдаған соң күйінемін. Оқулықтар білікті маманның қолынан өтсе екен деймін. Бірақ күмәнім көп» дейді елорда тұрғыны Риза Сейфоллаева. Оның айтуынша, бастауыш сыныпта оқитын баласының сабақ қарауына көмектескенде кейбір тапсырмаларды түсінбей қатты қиналады екен. «Әсіресе, математика пәні. Бірінші сыныптың баласына кесінді, сәуле, пирамида, тіктөртбұрыш секілді ұғымдарды меңгеру әлі ерте. Тым күрделі. Ұстазына айтсам, маған да қиын деп қысқаша қайырады» деп күйінді ол. Ата-аналардың көбі «WhatsApp» желісінде топ құрып, тым күрделі есептер мен мәтіндерді бір-бірінен сұрап жүр екен. Сонымен қатар мұғалімдердің ғылыми жұмыс, реферат деген тапсырмалары да бар. Жасыратыны жоқ, балалар интернет арқылы дайын тексті көшіріп, шығарып апарып береді. Дәл бұлай жалғаса беретін болса, ертеңгі болашағымыз деп сенген балалар елімізді қай ұшпаққа шығарады? Өзгенің қаңсығы бізге таңсық болмауы керек. Отыз жылда өзіміздің төл оқулықтарымызды шығара алмай келеміз. Оқулықты анадан алып бір, мынадан алып бір толтыра салғанмен, оның өтеуі оңай болмайды. Бір оқулық мыңдаған баланың миын улайды. Осы тұрғыда білім жүйесіне ұлттық стандарт керек екенін айтудан жалықпаймыз. Діни мерекелер неғып жүр? Көптің көкейінде жүрген оқулық мәселесі депутаттардың да құлағына жетіпті. Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова «Оқулықта қазақтың ұлттық дәстүрі ретінде пасха мен масленница неге жүр?» деп сауал жолдады. Желідегі депутаттың жанайқайы бірнеше сағатта кең тарап, халықтың қызу талқысына түсті. «Бұл кітаптар – қазақ мектептеріндегі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар. Білім және ғылым министрлігі сараптамасының оң қорытындысын алып оқыту бағдарламасына енгізілген. Кітап Қазақстан мектептері үшін даярланса да, тікелеей аударма нұсқада. «Express Publishing» баспасы шығарған. Яғни, төл бағдарлама емес. Бірден өзге елдің идеологиясын сіңіру. Суреттерден көріп отырғандарыңыздай, екі-үш мемлекеттің туымен, сол елдерге тән ерекшеліктермен қойылған суреттерде өз елінде өгейлік көргендей, Қазақстан үнемі ең соңында, төменгі жағына орналастырылған. Тағы бір мәселе, кітаптардың өн бойында қазақ балаларының келбеті бұрмаланып, сайқымазақ сияқты салынғаны несі деген сұрақ туындайды. Бір жерінде тұлымын желбіретіп, басын тақырлап салса, енді бірде ернін бояп қояды, енді бірде қазақы көйлектегі ұл бейнесінде береді. Екінші сыныпқа арналған оқулықта қазақтың ұлттық тағамы ретінде лағманды көрсетсе, ұлттық дәстүріміздің ішінде пасха мен масленница неге жүр? Бұл енді шектен шыққандық! Адамның дене мүшелерін таныстырғанда, жалбыраған шашты ұсқынсыз суреттен шошып та кетесің. Кітаптың өне-бойында бала ұғымына, психологиясына кері әсер ететін, қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Осылайша, тере берсең шыға береді» дейді депутат. Иә, ұлт болашағына жасалып жатқан мұндай қиянатқа кім жауап береді?.. Кешенді жұмыстар атқарылуда Депутат көтерген мәселеге қатысты республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшысы Елдос Нұрлановтың айтуынша, оқулық сапасы мен мазмұнын жетілдіруге байланысты соңғы жылдары кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен күн тәртібіндегі мәселе бүгін-ертең шешіле салатын жағдай емес. «Депутат сынға алған Smiles топтамасындағы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы бірқатар шет мемлекеттерінде ресми қолданылады. Ал бізде ол 2016 жылы 4 оқулық нұсқасының ішінен іріктеліп, педагогикалық және лингвистикалық сараптамадан, қоғамдық талқылаудан өткен. 2017 жылдан бастап қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердің қолданысында. Айталық, 68-бетте үш мемлекет – Ұлыбритания, Италия мен Қазақстан балаларының сүйікті тағамдары (favourite food) көрсетілген: ағылшындікі – балық пен чипсылар, итальяндікі – паста, ал Ұлан есімді қазақ баланікі – лағман. Мақпал ханымның пікірінше, бұл тапсырма лағманды қазақтың ұлттық тағамы ретінде көрсетіп тұр. Шын мәнінде, тапсырмада ұлттық тағам емес, балалардың ұнататын асы туралы жазылған. Авторлардың лағманды таңдаудағы себебі – оның құрамындағы денсаулыққа пайдалы көкөністерге ерекше көңіл бөлуінде. Сол сияқты 80-беттегі kazakh traditions and customs атты тапсырмасында «шілдехана», «қырқынан шығару», «тілашар» сияқты төл дәстүрімізбен бірге, Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері атап өтетін Пасха мен Масленница мерекелері қоса берілген. Бұл тапсырмада авторлар қазақтың ұлттық салт-дәстүрі ғана емес, жалпы Қазақстанда кеңінен тойланатын мейрамдар туралы ақпарат ұсынуды көздеген. Мұндағы «kazakh» сын есімі «қазақстандық», «Қазақстан мемлекетіне тән» деген мағына береді. Ал әлеуметтік желілерде Пасха мен Масленница қазақтың дәстүріне айналыпты деген ақпарат тарады. Бұдан басқа депутат балалардың эмоцияларын бейнелейтін кей фотосуреттеріне және анимацияларға сын айтқан. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы аталмыш оқулықтың қоғамда қызу талқыға түсіп, жан-жақты сыналуына орай әзірлеуші баспа – «EDU Stream» ЖШС-нің өкілдері және біздің Орталық мамандар арасындағы тиісті жұмыстың жүргізілуін тікелей қадағалады. Нәтижесінде, баспа осы оқулықтағы кейбір суреттер мен тапсырмаларды өңдеп, биыл өз қаражаты есебінен қайта басып шығаруға ниет білдірді» дейді Елдос Нұрланов. «Қазақта сын түзелмей, мін түзелмейді» деген жақсы сөз бар. Біз айтқан олқылықтардың орны толып жатса, ата-ананың да, ұстаздың да көңілі жайланар еді.
Көктем ҚАРҚЫН
-->Оқулықтың олқысын айтып, қатесін теріп жүрген тек журналистер ғана десеңіздер, қателесесіздер. Бүкіл Қазақстанның ата-аналарының пікірі бір арнадан шығады. Бәрі де балаларының сөмкесінің жыл сайын ауырлағанын, оқулықтардағы кейбір мәтіндерді балаларына түсіндіре алмай қиналатынын, ол аз десеңіз, кітап тілінің тікелей аударма екенін айтып-ақ жүр. Бірақ естір құлақ жоқ. Бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілсе «жарайды, түзелер» дер едік. Алайда жағдайдың жақсармай келе жатқанына бірнеше ондаған жылдан асты. Осылайша жауыр болған тақырыпты қопара беріп, біз де зар заман жырауларына айналдық. «Жан-жақтан оқулық нашар деп айта бергеннен түк шықпайды. Орынсыз сынайсыңдар» деді осы істің басы-қасында жүрген көкеміз қарайған халыққа ренжіп. Жоқ, жұрт қатені көргесін, түзелмей жатқан соң айтады. Ал біз сол халықтың мұңын жауапты мекемелер естісе екен деп шырылдаймыз. Егер шынымен де қатесі жоқ, барлығы мінсіз оқулық болса, аққа күйе жағып қайтеміз? Қортықтар еліне айналамыз ба? Әлеуметтік желілерге баласының сөмкесін салып, оны өлшеп, білім саласының бүгінгі жүйесіздігіне налыған ата-ананың қарасы өте көп. Біздіңше, бұл мәселе жай ғана жазылып, әр жерде айтылып қана қоймауы керек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан үлкен өзгеріс қажет. Біз мына жақта оқулықтың жырын жырлап, сөмке өлшеп жүргенде дамыған елдер мектеп оқушыларының сөмкелеріне де арнайы стандарттар белгілеп қойған. Мысалы, Ресейде сөмкедегі заттың салмағы баланың салмағының оннан бір бөлігі болуы шарт. Ал Америкада бала 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін тек 4 келіге дейін көтереді. Ал біздің елде бастауыш сыныптың оқушысының өзі бұдан екі есе ауыр жүк арқалап жүр. Ең болмағанда, сол ауыр салмақты болдырмаудың жолын да қарастырмайтын немқұрайлылыққа не айтамыз? Әйтпесе, сол елдердегідей сабақ барысында пайдаланылатын негізгі оқулықтарды мектептегі оқушылардың жеке сөрелеріне қалдырып, мектептерде үй жұмысы топтастырылған арнайы конверттер таратылса да болар еді. Күніне 5 келіден артық сөмке көтеретін балалардың омыртқа жотасы қисаймай қайда барады? Бірінші сыныпты аттаған бүлдіршіндердің иығы көп ұзамай жауыр болады. Сөмкесіндегі «реформаланған» оқулықтардың салмағы бойларын өсірмейді. Қазақстан қортықтар еліне айнала бастаса, себебін мектептен көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары бүкірейген ұрпақ көбейген. Бұл да – болашақта туындайтын үлкен мәселелердің бірі. Ал осыған не кінәлі? Әрине, кітаптың санының көбейгендігі, қосымша дәптерлердің қаптағаны кінәлі. Ауруын жасырған өледі «Ауруын жасырған өледі» деген мәтел бар халық арасында. Қазіргі оқулық бойынша туындап жатқан проблемаларға көз жұмып қараған сайын тығырыққа тірелеріміз сөзсіз. Оқулықтағы қателер қай пәннен көп кетеді? Жиі қайталанатын қателер қандай? Қатеге қай мекеме жауапты? Осы және өзге де сұрақтарды талдап, ел арасында сауалнама жүргізіп те көрдік. Барлық пәннен қате кетеді деу ағаттық. Оқулықтағы қателердің өзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Олар, мағынасыз аудармалар, шешуі қате есептер, логикалық қателер мен грамматикалық қателер, дұрыс емес сызбалар. Ең әуелі мағынасыз аудармаға зер салып көрейік. Аудармалардың басым көпшілігі терминдерді аударудан кетіп жатады. Мысалы, 2013 жылғы бұйрық бойынша терминдердің басым бөлігінің қазақша баламасы енгізілген. Бірақ оқулықтарда онкологиялық аурулар – ісік аурулары, кардиология – жүрек-қан тамырлары аурулары, неврологиялық – жүйке аурулары, рак – қандық уылма (жаман ауру), рецепт – шипашақ деп неге берілмейді екен? Бірнеше жыл бұрын «Алматыкітап баспасы» шығарған 3-сыныпқа арналған «Математика» пәнінде 7-ні 4-ке көбейткенде «27» деген қателік анықталып, видео түрінде әлеуметтік желілерде таралып кеткен еді. Баспа оқулықта келтірілген Пифагор кестесінде жіберілген қате кітапты басып шығару кезінде техникалық себептерге байланысты орын алғандығын ашық мойындаған. Жіберілген қате аталмыш оқулықтың келесі таралымдарында түзетілетінін айтып, баспа және оқулық авторларының атынан халықтан кешірім сұраған еді. Ал кейбір баспалар оқулықтан кеткен қателерді мойындаудан бас тартады. Математикалық графиктер мен есептерден кететін қатеден көз сүрінеді. Тағы бір қате, 4-сыныптың «Әдебиеттік оқулық» кітабында Шоқан Уәлихановты 1983 жылы қайтыс болды деп жазған. Небәрі отыз-ақ жасында аққан жұлдыздың өмірбаянын қате көрсету – үлкен сорақылық. Ол аз десеңіз, Сапарғали Бегалиннің суреті берілген тұсқа осы Шоқан Уәлихановтың есімі тайға таңба басқандай жазулы тұр. Осыдан-ақ төменгі сыныптың оқулықтарын шығаруға деген құлықсыздықты байқауға болады. Қатені түзетіп, қайталамаудың орнына жыл өткен сайын үдете түсуде. Тіпті мазмұн мен мағына жағынан қате кетіруге көз жұма қарау мүмкін емес. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының гуманитарлық пәндерінде бір тақырып 15-16 бетке дейін созылып кеткен. Мұндай шұбалаңқы ақпарат – бала миына қорытуға ауыр және тез жалықтыратын, сол пәнге деген қызығушылығын төмендететін жағдай. Ең сорақысы, қателер «Қазақ әдебиеті» оқулығында да өріп жүр. 9-сынып хрестоматиясындағы Қамбар батыр жырында сүйген жары Назымды батырға арақ пен шылым шеккізген жеңілтек қыз ретінде суреттейді. Бірақ, сол кездегі қоғамның осы тақырып төңірегіндегі дау-дамайынан «Мектеп» баспасы аман құтылып кеткен еді. Депутаттар осы жағдайлардан кейін «оқулықтарда қате көп жіберетін министрлікке бюджеттен ақша бөлмеу керек» деген болатын. Бірақ болашақ ұрпағымыздан аяғанды ит жесін дер еді қазақ халқы. Жыл сайын қаншама миллиард өз ісіне жауапсыз сала мамандарының қалтасына кетіп жатыр. «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулығына тағылатын сын көп. Тарихи тұлғалардың өмірі, хронологиясы мен еңбектерінде көп қателер кеткен. «Орыс әдебиеті» оқулығын парақтасақ, қарапайым қателер өріп жүр. Физикада да солай. Есептің көрсетілген жауабы – теріс. Мысалы, мұнда бір есепте шешімі 0,24 деп көрсетілген. Дұрысында, 0,27 деген сан шығуы керек. География оқулығында карталарда қателер бар. Ағылшын тілі оқулығында аударма мағынасы өзгеріп кеткен. Мағынасына сай емес, мәтінді сөзбе-сөз аудару көп кездеседі. Балалар сол бойынша қатеге үйреніп жатыр. Төл оқулық туа ма? «Ұлым бірінші сыныпта оқып жүр. Оқулықтарында «пицца» туралы жазылған мәтін бар. Тіпті көп тақырыптары осындай, шетелдік мультфильмнің тақырыптары сияқты. Жеңіл-желпі қойыла салған. Жаңадан мыңдаған данамен шыққан оқулықтың мазмұны тар, салмағы ауыр. Оқулықты дайындағандардың жауапкершілікпен қарамайтыны көрініп тұр. Министр ауысқан сайын, оқулықтар да мың құбылып реформаланады. Бірнеше жыл бұрын дүние жүзі картасында Қазақстанның Ресей құрамына кіріп кеткенін де көрдік. Қарапайым ата-ана болсам да, бітпейтін оқулықтың жыры шаршатты. Балаларымның болашағына алаңдаған соң күйінемін. Оқулықтар білікті маманның қолынан өтсе екен деймін. Бірақ күмәнім көп» дейді елорда тұрғыны Риза Сейфоллаева. Оның айтуынша, бастауыш сыныпта оқитын баласының сабақ қарауына көмектескенде кейбір тапсырмаларды түсінбей қатты қиналады екен. «Әсіресе, математика пәні. Бірінші сыныптың баласына кесінді, сәуле, пирамида, тіктөртбұрыш секілді ұғымдарды меңгеру әлі ерте. Тым күрделі. Ұстазына айтсам, маған да қиын деп қысқаша қайырады» деп күйінді ол. Ата-аналардың көбі «WhatsApp» желісінде топ құрып, тым күрделі есептер мен мәтіндерді бір-бірінен сұрап жүр екен. Сонымен қатар мұғалімдердің ғылыми жұмыс, реферат деген тапсырмалары да бар. Жасыратыны жоқ, балалар интернет арқылы дайын тексті көшіріп, шығарып апарып береді. Дәл бұлай жалғаса беретін болса, ертеңгі болашағымыз деп сенген балалар елімізді қай ұшпаққа шығарады? Өзгенің қаңсығы бізге таңсық болмауы керек. Отыз жылда өзіміздің төл оқулықтарымызды шығара алмай келеміз. Оқулықты анадан алып бір, мынадан алып бір толтыра салғанмен, оның өтеуі оңай болмайды. Бір оқулық мыңдаған баланың миын улайды. Осы тұрғыда білім жүйесіне ұлттық стандарт керек екенін айтудан жалықпаймыз. Діни мерекелер неғып жүр? Көптің көкейінде жүрген оқулық мәселесі депутаттардың да құлағына жетіпті. Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова «Оқулықта қазақтың ұлттық дәстүрі ретінде пасха мен масленница неге жүр?» деп сауал жолдады. Желідегі депутаттың жанайқайы бірнеше сағатта кең тарап, халықтың қызу талқысына түсті. «Бұл кітаптар – қазақ мектептеріндегі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтар. Білім және ғылым министрлігі сараптамасының оң қорытындысын алып оқыту бағдарламасына енгізілген. Кітап Қазақстан мектептері үшін даярланса да, тікелеей аударма нұсқада. «Express Publishing» баспасы шығарған. Яғни, төл бағдарлама емес. Бірден өзге елдің идеологиясын сіңіру. Суреттерден көріп отырғандарыңыздай, екі-үш мемлекеттің туымен, сол елдерге тән ерекшеліктермен қойылған суреттерде өз елінде өгейлік көргендей, Қазақстан үнемі ең соңында, төменгі жағына орналастырылған. Тағы бір мәселе, кітаптардың өн бойында қазақ балаларының келбеті бұрмаланып, сайқымазақ сияқты салынғаны несі деген сұрақ туындайды. Бір жерінде тұлымын желбіретіп, басын тақырлап салса, енді бірде ернін бояп қояды, енді бірде қазақы көйлектегі ұл бейнесінде береді. Екінші сыныпқа арналған оқулықта қазақтың ұлттық тағамы ретінде лағманды көрсетсе, ұлттық дәстүріміздің ішінде пасха мен масленница неге жүр? Бұл енді шектен шыққандық! Адамның дене мүшелерін таныстырғанда, жалбыраған шашты ұсқынсыз суреттен шошып та кетесің. Кітаптың өне-бойында бала ұғымына, психологиясына кері әсер ететін, қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Осылайша, тере берсең шыға береді» дейді депутат. Иә, ұлт болашағына жасалып жатқан мұндай қиянатқа кім жауап береді?.. Кешенді жұмыстар атқарылуда Депутат көтерген мәселеге қатысты республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшысы Елдос Нұрлановтың айтуынша, оқулық сапасы мен мазмұнын жетілдіруге байланысты соңғы жылдары кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен күн тәртібіндегі мәселе бүгін-ертең шешіле салатын жағдай емес. «Депутат сынға алған Smiles топтамасындағы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы бірқатар шет мемлекеттерінде ресми қолданылады. Ал бізде ол 2016 жылы 4 оқулық нұсқасының ішінен іріктеліп, педагогикалық және лингвистикалық сараптамадан, қоғамдық талқылаудан өткен. 2017 жылдан бастап қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердің қолданысында. Айталық, 68-бетте үш мемлекет – Ұлыбритания, Италия мен Қазақстан балаларының сүйікті тағамдары (favourite food) көрсетілген: ағылшындікі – балық пен чипсылар, итальяндікі – паста, ал Ұлан есімді қазақ баланікі – лағман. Мақпал ханымның пікірінше, бұл тапсырма лағманды қазақтың ұлттық тағамы ретінде көрсетіп тұр. Шын мәнінде, тапсырмада ұлттық тағам емес, балалардың ұнататын асы туралы жазылған. Авторлардың лағманды таңдаудағы себебі – оның құрамындағы денсаулыққа пайдалы көкөністерге ерекше көңіл бөлуінде. Сол сияқты 80-беттегі kazakh traditions and customs атты тапсырмасында «шілдехана», «қырқынан шығару», «тілашар» сияқты төл дәстүрімізбен бірге, Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері атап өтетін Пасха мен Масленница мерекелері қоса берілген. Бұл тапсырмада авторлар қазақтың ұлттық салт-дәстүрі ғана емес, жалпы Қазақстанда кеңінен тойланатын мейрамдар туралы ақпарат ұсынуды көздеген. Мұндағы «kazakh» сын есімі «қазақстандық», «Қазақстан мемлекетіне тән» деген мағына береді. Ал әлеуметтік желілерде Пасха мен Масленница қазақтың дәстүріне айналыпты деген ақпарат тарады. Бұдан басқа депутат балалардың эмоцияларын бейнелейтін кей фотосуреттеріне және анимацияларға сын айтқан. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы аталмыш оқулықтың қоғамда қызу талқыға түсіп, жан-жақты сыналуына орай әзірлеуші баспа – «EDU Stream» ЖШС-нің өкілдері және біздің Орталық мамандар арасындағы тиісті жұмыстың жүргізілуін тікелей қадағалады. Нәтижесінде, баспа осы оқулықтағы кейбір суреттер мен тапсырмаларды өңдеп, биыл өз қаражаты есебінен қайта басып шығаруға ниет білдірді» дейді Елдос Нұрланов. «Қазақта сын түзелмей, мін түзелмейді» деген жақсы сөз бар. Біз айтқан олқылықтардың орны толып жатса, ата-ананың да, ұстаздың да көңілі жайланар еді.
Көктем ҚАРҚЫН