Жоғалған 4 жасар бүлдіршін табылды
Polisia.kz мәліметінше, 2021 жылғы 26 маусымда Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында төрт жастағы ұлы үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен. Жоғалған бүлдіршінді табу үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық ПБ-на тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына барлық жеке құрам жұмылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері ұлды сауда орталығының жанынан аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.
-->Polisia.kz мәліметінше, 2021 жылғы 26 маусымда Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің 34 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында төрт жастағы ұлы үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен. Жоғалған бүлдіршінді табу үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық ПБ-на тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына барлық жеке құрам жұмылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері ұлды сауда орталығының жанынан аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.