Елордада демалыс күндері қандай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады?
Қуыршақ театры көрермендерді қазақ халқының «Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша өтетін қойылымға шақырады. Қойылым 26, 27 маусым күндері сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де өтеді. Сәкен Сейфуллин мұражайы бір апта бойы өзінің Instagram парақшасында қазақ жазушысының өмірі туралы танымдық ақпараттар жариялайды. Олардың арасында «Сәкентанушы тұлғалар» айдарынан зерттеу, С.Сефуллиннің «Тау ішінде» әнінің тарихы туралы бейнеролик,«Сәкен және Алаш» мақаласы, «Тар жол, тайғақ кешу» романы туралы қызықты ақпараттар, сондай-ақ мұражай бойынша бейнеэкскурсия бар. М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бүгін, яғни 26 маусым сағат 18:00-де «Гоголь.Петербург» премьерасын қояды. Бейбітшілік және келісім сарайының Атриум залында бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық фотокөрме өтеді. Тәуелсіздік сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан бейнелері» атты көркем көрме, «Елордаға арналған сыйлықтар» кәдесыйларының экспозициясы ашылды. Сонымен қатар, демалыс күндері «Demalys promenade» аллеясында отбасылық демалысты қызықты және көңілді өткізуге болады. Бүгін мұнда фитнес жаттығулары өткізіледі. Ал ертең йога, зумба, латынамерикалық би, стритбол жаттығуларына қатыса аласыз. Бүгін және ертең сағат 12.00-13.30 аралығында Аффари аумағында Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Жастар» сарайының балалар ұжымдары өнер көрсетеді. Art space аймағында Татар мәдени орталығы Сабантой мерекесін өткізеді. «Жастар» театры 26 маусым күні сағат 20:00-де С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасын қояды. Демалыс күндері аллеяда дәстүрлі жәрмеңкелер, кітап көрмелері, сондай-ақ балаларға арналған түрлі интерактивтер өткізіледі. Айта кету керек, офлайн форматта ұйымдастырылатын іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
-->Қуыршақ театры көрермендерді қазақ халқының «Ер Төстік» ертегісінің желісі бойынша өтетін қойылымға шақырады. Қойылым 26, 27 маусым күндері сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де өтеді. Сәкен Сейфуллин мұражайы бір апта бойы өзінің Instagram парақшасында қазақ жазушысының өмірі туралы танымдық ақпараттар жариялайды. Олардың арасында «Сәкентанушы тұлғалар» айдарынан зерттеу, С.Сефуллиннің «Тау ішінде» әнінің тарихы туралы бейнеролик,«Сәкен және Алаш» мақаласы, «Тар жол, тайғақ кешу» романы туралы қызықты ақпараттар, сондай-ақ мұражай бойынша бейнеэкскурсия бар. М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бүгін, яғни 26 маусым сағат 18:00-де «Гоголь.Петербург» премьерасын қояды. Бейбітшілік және келісім сарайының Атриум залында бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық фотокөрме өтеді. Тәуелсіздік сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан бейнелері» атты көркем көрме, «Елордаға арналған сыйлықтар» кәдесыйларының экспозициясы ашылды. Сонымен қатар, демалыс күндері «Demalys promenade» аллеясында отбасылық демалысты қызықты және көңілді өткізуге болады. Бүгін мұнда фитнес жаттығулары өткізіледі. Ал ертең йога, зумба, латынамерикалық би, стритбол жаттығуларына қатыса аласыз. Бүгін және ертең сағат 12.00-13.30 аралығында Аффари аумағында Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Жастар» сарайының балалар ұжымдары өнер көрсетеді. Art space аймағында Татар мәдени орталығы Сабантой мерекесін өткізеді. «Жастар» театры 26 маусым күні сағат 20:00-де С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған концерттік бағдарламасын қояды. Демалыс күндері аллеяда дәстүрлі жәрмеңкелер, кітап көрмелері, сондай-ақ балаларға арналған түрлі интерактивтер өткізіледі. Айта кету керек, офлайн форматта ұйымдастырылатын іс-шаралардың бәрі санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.