Елорда жаңалықтары

Саябақтардың жағдайы туралы қазақстандықтардың пікірі қандай?

Жаздың басталуымен саябақтар, гүл бақтары әрі демалыс аймақтары тұрғындар үшін тартымды жерге айналады. Ал қазақстандықтар олардың жағдайына қанағаттана ма? Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне сүйенсек, сауалнамаға қатысушылардың 57,5% оң баға берді. Ауыл тұрғындары арасында саябақтар мен гүл бақтарының жағдайына қанағаттанатындар саны қалалықтармен салыстырғанда 2 есеге аз (39,1% - 70,6% қарсы). Сонымен қатар статистика бұл проблеманың ауыл тұрғындары үшін өзектілігін растайды. ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ел ішіндегі 156 ойын-сауық және демалыс саябақтарының 30-ы ғана ауылдық жерлерде. Ал ауылда 7 миллион 741 мыңға жуық адам немесе қазақстандықтардың 41%-ы тұратынын ескерсек (2021 ж. 1 мамырдағы мәлімет бойынша) бұл аз (20%). Отбасылық жағдайға байланысты отау құрмаған адамдар саябақтар мен гүл бақтарының қазіргі жағдайын оң бағалады (64%). Сын көзбен қарайтындар – некеге тіркелмеген әрі ажырасқан азаматтар (сәйкесінше 32,6% және 29,1%). Бұған қоса респонденттер арасында балалар саны неғұрлым көп болса, саябақтар мен гүл бақтарының жай-күйіне қанағаттану деңгейі соғұрлым төмен болады (орта есеппен 54,5%). Бұл саябақтар әрі гүл бақтарын әртүрлі жастағы балалары бар отбасылардың қажеттіліктеріне бейімдеу, сондай-ақ ауылдық жерлерде демалыс орындарын ұйымдастырудың оңтайлы формасын табу мәселелерін өзекті етеді. SocioExpert мәліметінше, зерттеу 2021 жылдың сәуірінде жүргізілді. Сауалнамаға 6 800 адам қатысты. Іріктеу қателігі ± 1,19%.

-->