Елорда жаңалықтары

Елордада экологиялық сенбілік өтті

Аумақты абаттандырумен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, елордалық ҚХА жастары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері айналысты. Сенбілік барысында Достық үйінің іргелес аумақтары жиналып, көшеттерді отырғызу, ағаштарды ақтау бойынша жұмыстар орындалды. Сенбіліктің негізгі мақсаты – көгалдандыру, ағаш отырғызу, аумақты абаттандыру және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру. [caption id="attachment_38698" align="alignnone" width="959"] Фото: Василий Крась[/caption] «19 қыркүйек - 19 қазан аралағында экологиялық сенбіліктер өткізу жоспарланды. Бүгін жалпы көлемі 42 ағаш отырғызамыз. Оның ішінде 27 қарағай, 7 терек және шырша ағаштары болады. Сенбілікке қажетті барлық құрал-жабдықтар дайын және жұмыла кірісуге дайынбыз. Негізгі мақсат - қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, қаланы көркейту», - деді «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС директорының орынбасары Қанат Ахатов. Тазалық жүргізу барысында жұмысшылардың еңбекке деген ынталары мен ауызбіршіліктерін байқауға болады. «Достық үйінің жанында ҚХА мүшелері тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл біздің қаламыздың тазалығына қосқан үлесіміз. Елімізде тазалықты сақтау әрбір азаматтың міндеті деп білемін. Сол себепті ұжым мүшелері өз еріктерімен шырша ағаштарын егіп, Достық үйінің айналасын тазарту мақсатында жұмыс істеудеміз. Сенбіліктің мақсаты - тазалық жұмыстары және Ассамблея мүшелерінің ауызбіршілік пен татулықта болуы», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ орынбасары Нүркен Әбдіғали.

-->