Нұр-Сұлтанда «Еңселі-Елорда. Тұғырлы Тәуелсіздік» акциясы өтті
Акцияның мақсаты – күні кеше ғана бой көтеріп бүгінде бәйтеректей көкке өрлеген Нұр-Сұлтан қаласын мерейлі мерекесімен құттықтау және елдің бірлігін, достығын, татулығын, тұрақтылығын арттыру, іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, егемен елдің ертеңі, дарынды жастардың шығармашылық өнерін насихаттау, елдің мәдени дамуына үлес қосу, қала тұрғындарын азаматтық белсенділікке, Тәуелсіздікті ардақтауға, ел мәртебесін арттыруға шақыру.
Шара «Руханият» КММ алдында шағын концерттік бағдарламамен, жастардың флешмоб биімен бастау алды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тіл саясатын үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрзила Ғалымжанқызы және «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Төлеутайқызы арнайы сөз сөйлеп, қала тұрғындарын атаулы мерекелермен құттықтады. Сондай-ақ акцияның басталғанын хабарлап, көпшілікті іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Акцияның ашылуына арнайы келген қала тұрғындарына викториналық сұрақтар қойылып, белсене қатысқандарға мерекелік сыйлықтар табысталды.
Акцияның ашылу салтанаты қорытындыланып, арнайы форма киген ерікті жастар қаладағы ірі сауда орындарын, саябақтар мен қоғамдық көліктерді аралап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтауға кірісті. Ерікті жастар көпшілікке елордамыздың дамуы мен Тәуелсіздіктің тарихы жайлы сұрақтар қойып, белсенділік танытқан тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыстады. Жастар өз өнерлерін көрсетіп халыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Осылайша акция екі күн қатарынан жалғасын таппақ.