Құтқарушылар кеңесі: Қалай өрттің алдын алуға болады?
Әкімдік мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы Нұр-Сұлтан ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтып берді. Өрттің алдын алу мақсатында қаланың төтенше жағдайлар департаменті мынандай кеңес береді: - нысанның өртке қарсы режимін және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту; - жабдықтарды диагностикалауды, алдын ала жөндеуді уақтылы жүргізу, өрт автоматикасы мен өрттен қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру; - электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу, электр жабдықтарының қауәпсіздігін қадағалау, қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмау; - отпен байланысты және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау; - ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйесінің барлық элементінің жұмысқа қабілеттілігін бір мезгілде тексере отырып, қызметкердің өрт кезіндегі әрекеті бойынша жаттығулар өткізу. Сөз арасында ведомство басшысы балалардың отпен ойнау проблемасына баса назар аударды. «Отбасының, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Балаңызбен күнделікті әңгімелесу арқылы толғандырып жүрген проблемаларын білетін боласыз және қандай да бір жағдай болғанда өзін қалай ұстау керектігін үйренуге көмектесесіз», - деді ол. Баланы үйде жалғыз қалдыратын жағдайда сақталатын негізгі ережелер: - балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз; - сіріңкені баланың қолы жетпейтін орындарда сақтаңыз; - балаңыз жалғыз қалатын болса, көрінетін тұстарға телефон нөмірін (сіздің жұмысыңыз, ұялы телефон, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, көршілер) жазып қойыңыз. - өзін-өзі ұстау ережелерін үнемі қайталаңыз, кішігірім емтихан ұйымдастырыңыз және сол арқылы қателіктерді талдаңыз.
-->Әкімдік мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы Нұр-Сұлтан ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтып берді. Өрттің алдын алу мақсатында қаланың төтенше жағдайлар департаменті мынандай кеңес береді: - нысанның өртке қарсы режимін және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту; - жабдықтарды диагностикалауды, алдын ала жөндеуді уақтылы жүргізу, өрт автоматикасы мен өрттен қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету сапасын арттыру; - электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу, электр жабдықтарының қауәпсіздігін қадағалау, қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмау; - отпен байланысты және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау; - ғимараттың өртке қарсы қорғау жүйесінің барлық элементінің жұмысқа қабілеттілігін бір мезгілде тексере отырып, қызметкердің өрт кезіндегі әрекеті бойынша жаттығулар өткізу. Сөз арасында ведомство басшысы балалардың отпен ойнау проблемасына баса назар аударды. «Отбасының, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Балаңызбен күнделікті әңгімелесу арқылы толғандырып жүрген проблемаларын білетін боласыз және қандай да бір жағдай болғанда өзін қалай ұстау керектігін үйренуге көмектесесіз», - деді ол. Баланы үйде жалғыз қалдыратын жағдайда сақталатын негізгі ережелер: - балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз; - сіріңкені баланың қолы жетпейтін орындарда сақтаңыз; - балаңыз жалғыз қалатын болса, көрінетін тұстарға телефон нөмірін (сіздің жұмысыңыз, ұялы телефон, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру бөлімі, көршілер) жазып қойыңыз. - өзін-өзі ұстау ережелерін үнемі қайталаңыз, кішігірім емтихан ұйымдастырыңыз және сол арқылы қателіктерді талдаңыз.