Елорда жаңалықтары

Берлиндегі парадқа қатысқан қазақ

Біз – жауынгер әкелердің ұрпағымыз. Біздер, соғыс көрген әкелердің балалары, олардың қас-қабағына қарап, пір тұтып өстік. Өз өмірімізде солар сияқты алғы шепте жүруге тырыстық. Ешкімнің сүйреуінсіз оқу бітіріп, қызметте сатылап өстік. Тәрбиеміз ұқсас болғандықтан ба, біз жауынгер әкелердің ұл-қызы бір-бірімізді жазбай танып, жақын тартатынымызды байқадым. Ел астанасы Ақмолаға көшкенде ­Жәненова Ғалия Мәсәлімқызы екеуміз солай таныстық. Таныстығымыз достыққа ұласты. Ол кезде Мәдениет министрлігі жоқ, Ғалия – Мәдениет комитетінің өкілі еді. Оның әкесі Жәненов Мәсәлім 1907 жылы 15 мамырда Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданында туған. Өздігінен ізденіп, арабша жазуды үйренген, орысша, қазақша таза сөйлеп, сауатты жазған. 1934 жылы партиялық курстан өткеннен кейін «Жаңаталап» ұжымшары мен «Шалқар» балық зауытының партия ұйымын басқарған, 1938 жылы аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөліміне қызметке алады. 1941 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ош қаласында Орта Азия әскери округінің әскери бөлімдерінің саяси басшыларын даярлайтын курста оқиды. Ел іргесіне жау тигенін естігенде әскери комиссариатқа барған алғашқы лектің ішінде болғанымен, оған елдегі ұйымдастыру шараларын жүргізу тапсырылады. Сұранып жүріп, майданға 1941 жылдың тамыз айында аттанады. Мәсәлім әкеміз әскери қызметін Бірінші Белорус майданы 125-атқыштар полкінің 36-бригадасында рота командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болып бастап, 1944 жылдың сәуір айына дейін соғысады. Қараша айында оның ұрыстардағы тәжірибесі мен білімділігін ескеріп, командование ортаазиялық жас жауынгерлерді әскери өнерге даярлау үшін Ленин­абад қаласына (Тәжікстан) жібереді. Албырт жастарды әрі саяси-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеп, әрі ұрыс әдістеріне үйрете жүріп, ол қайта-қайта майданға сұранады. Ақыры, рапорты қабылданып, маршал Г.Жуков басқарған Бірінші Белорус майданы 82-атқыштар дивизиясы құрамында соғысқа қайта кіріседі. 210-полкта батальон командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары М.Жәненов Польша астанасы Варшаваны азат етуге, Берлинді алуға қатысады. Шабуыл кезіндегі өжеттігі мен ерлігі үшін кеудесіне «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жеңіс үшін» медальдарын тағады. Польша жеріндегі Висла өзенінен өтердегі қырғын соғыста дұшпанның екі танкінің көзін жойғаны үшін лейтенант Мәсәлім Жәненов екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденіне ие болып, ал Одер өзені маңындағы шайқастан кейін аға лейтенант шеніндегі саяси командир бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденін алады. Соғыс жылдары екі рет жараланып, контузияға да ұшырайды. Мәсәлім Жәненұлының майдангерлік жолы Шпандау қаласында нацист қылмыскерлерді күзететін кеңестік әскерилер құрамында жалғасады. Шпандау түрмесіне қамалған әскери қылмыскерлердің ісі кейіннен Нюрнберг процесінде қаралып, тиісті жазаларын алды. Жауынгер елге 1946 жылы ақпан айында елге оралады. Елдегі шаруашылық әйелдер мен жас балалардың мойнында қалып, халық әбден күйзелген жылдар еді ол. Әскерден келген білімді де тәжірибелі Мәсәлім Жәненұлына Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының «Талпын» колхозын басқару жүктеледі. Осы ұжымдық шаруашылық ісін жолға қойып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ол 1958 жылы СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен марапатталады. Одан кейінгі жылдары «Сүттіген» МТС-ын, «Еңбек» астық совхозының бөлімшелерін басқарды. Қосағы Ұлыш апамыз екеуі 50 жыл отасып, 9 бала өсірген. Көз көргендердің айтуынша, Мәсәлім әкей майдандағы өз жеңістерін емес, балаларының жетістіктерін мақтан етеді екен. Ағайынды Жәненовтер – аса бауырмал, ұйымшыл жандар. Олардың барлығы да жақсы білім алып, қызмет орындарында беделді маман, өмірде сыйлы адам болғандарын мен де білемін. Солардың бірі – Мәдениет комитетінің кішкентай маманынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры болып өсіп, талай жасқа жол сілтеп, қамқорлық көрсетіп, әріптестерінің зор құрметіне бөленген Ғалия Мәсәлімқызы Жәненова. Жауынгердің қызы. Менің досым.

Камал ӘЛПЕЙІСОВА, жазушы

-->