Елорда жаңалықтары

Елордада шомылуға арналған 23 орын анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қайғылы жағдайларға жол бермес үшін қажетті іс-шараларды қарқынды жүргізуде. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында ТЖД күштері мен құралдары, 29 құтқарушы-сүңгуір, сүңгуірлік жарақтары бар 2 бірлік жедел-құтқару техникасы, 6 бірлік жүзу құралы (2 катер, 4 қайық) және басқа да құтқару жабдықтары пайдалануға дайын. Күн сайынғы рейдтік шараларға 80-нен астам маман жұмылдырылады. Ал демалыс және мереке күндері қызметкерлер саны артады»  —  деді Есен Байыров. Рейдтік іс-шаралар кезінде елорда тұрғындарымен және қонақтарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ТЖД әкімдікпен бірлесіп, 140 тыйым салу белгісі, 20 ақпараттық стенд және 20 жүзу белгісі шомылуға тыйым салынған орындарда орнатылды. «Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында 2020 жылдың шомылу кезеңінде 5 адам қаза тапты. Биыл шомылу кезеңі басталғанға дейін елорданың су айдындарында қайғылы оқиғалар болып, 3 адам (оның ішінде 1 бала) мерт болды. Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда мас күйде шомылу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру» —  деді спикер. Елордада 23 шомылу орны болса, оның 3-еуі ғана Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысына сәйкес рұқсат етілген. Олар: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->